"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 166-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесіне 100 (жүз) пайыз мөлшерінде иелік ету және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2026 жылғы 22 маусымдағы № 539 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-164-жолмен толықтырылсын:
"123-164. "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 375-9-8-жолмен толықтырылсын:
"375-9-8. "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
3. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 253-жолда:
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық төлем корпорациясы" акционерлік қоғамы;
2) "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 3 жыл";
реттік нөмірі 256-жолда:
5-бағанда:
36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"36) "Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";
мынадай мазмұндағы 37) тармақшамен толықтырылсын:
"37) "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 3 жыл";
реттік нөмірі 257-жолда:
5-бағанда:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "Қазақстандық стандарттау және метрология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 3 жыл";
реттік нөмірі 343-жолда:
5-бағанда:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) "Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;";
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты 2029 жылғы 24 ақпанға дейін, "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 3 жыл";
реттік нөмірі 347-жолда:
5-бағанда:
48), 48) және 48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"48) "Еуразиялық интеграция институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
49) "Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
50) "Астана қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
мынадай мазмұндағы 51) тармақшамен толықтырылсын:
"51) "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Астана қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2030 жылғы 15 тамызға дейін, "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 3 жыл";
реттік нөмірі 366-жолда:
5-бағанда:
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"28) "Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";
мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
"29) "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 3 жыл";
реттік нөмірі 393-жолда:
5-бағанда:
46), 47) тармақшалардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"48) "Қазимпэкс" республикалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
мынадай мазмұндағы 49) тармақшамен толықтырылсын:
"49) "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл, "Decarbonize Solutions Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін, "Қазимпэкс" республикалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 5 жыл, "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 3 жыл".
4. "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"21) "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
"22) "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.";
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне берілетін заңды тұлғалардың тізбесі мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
"16. "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
