Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелерін қабылдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 876 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 537 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелерін қабылдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 876 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 147-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 94229561000 (тоқсан төрт миллиард екі жүз жиырма тоғыз миллион бес жүз алпыс бір мың) теңге көлемінде "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізінің "Алматы – Қорғас" автомобиль жолы учаскесінде "НҰР ЖОЛЫ" автомобиль өткізу пунктін салу және пайдалану" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелері қабылдансын.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.";

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдаған мемлекеттік міндеттемелердің көлемі жылдар бойынша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 22 маусымдағы
№ 537 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 876 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдаған мемлекеттік міндеттемелердің жылдар бойынша көлемі

Р/с

Жыл

ИШӨ сомасы, мың теңге

ИШӨ өтеу мерзімдері

1

2018 жыл

40 000 000,00

2018 жылғы қыркүйек

15 459 807,00

2018 жылғы желтоқсан

2

2019 жыл

14 000 000,00

2019 жылғы ақпан

3

2020 жыл

298 480,00

2020 жылғы ақпан


Жиыны:

69 758 287,00



Р/с

Жыл

ОШӨ сомасы, мың теңге

ОШӨ өтеу мерзімдері

1

2018 жыл

1 045 781,00

2018 жылғы желтоқсан

2

2019 жыл

1 673 249,50

2019 жылғы шілде

1 673 249,50

2019 жылғы желтоқсан

3

2020 жыл

1 673 249,50

2020 жылғы шілде

1 673 249,50

2020 жылғы желтоқсан

4

2021 жыл

1 673 249,50

2021 жылғы шілде

1 673 249,50

2021 жылғы желтоқсан

5

2022 жыл

1 673 249,50

2022 жылғы шілде

1 673 249,50

2022 жылғы желтоқсан

6

2023 жыл

1 673 249,50

2023 жылғы шілде

1 673 249,50

2023 жылғы желтоқсан

7

2024 жыл

1 673 249,50

2024 жылғы шілде

1 673 249,50

2024 жылғы желтоқсан

8

2025 жыл

1 673 249,50

2025 жылғы шілде

1 673 249,50

2025 жылғы желтоқсан


Жиыны:

24 471 274,00


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ИШӨ – Инвестициялық шығындарды өтеу

      ОШӨ – Операциялық шығындарын өтеу

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады