Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелерін қабылдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 876 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 147-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 94229561000 (тоқсан төрт миллиард екі жүз жиырма тоғыз миллион бес жүз алпыс бір мың) теңге көлемінде "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізінің "Алматы – Қорғас" автомобиль жолы учаскесінде "НҰР ЖОЛЫ" автомобиль өткізу пунктін салу және пайдалану" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелері қабылдансын.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.";
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдаған мемлекеттік міндеттемелердің көлемі жылдар бойынша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 537 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 876 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдаған мемлекеттік міндеттемелердің жылдар бойынша көлемі
Р/с | Жыл | ИШӨ сомасы, мың теңге | ИШӨ өтеу мерзімдері |
1 | 2018 жыл | 40 000 000,00 | 2018 жылғы қыркүйек |
15 459 807,00 | 2018 жылғы желтоқсан | ||
2 | 2019 жыл | 14 000 000,00 | 2019 жылғы ақпан |
3 | 2020 жыл | 298 480,00 | 2020 жылғы ақпан |
Жиыны: | 69 758 287,00 |
Р/с | Жыл | ОШӨ сомасы, мың теңге | ОШӨ өтеу мерзімдері |
1 | 2018 жыл | 1 045 781,00 | 2018 жылғы желтоқсан |
2 | 2019 жыл | 1 673 249,50 | 2019 жылғы шілде |
1 673 249,50 | 2019 жылғы желтоқсан | ||
3 | 2020 жыл | 1 673 249,50 | 2020 жылғы шілде |
1 673 249,50 | 2020 жылғы желтоқсан | ||
4 | 2021 жыл | 1 673 249,50 | 2021 жылғы шілде |
1 673 249,50 | 2021 жылғы желтоқсан | ||
5 | 2022 жыл | 1 673 249,50 | 2022 жылғы шілде |
1 673 249,50 | 2022 жылғы желтоқсан | ||
6 | 2023 жыл | 1 673 249,50 | 2023 жылғы шілде |
1 673 249,50 | 2023 жылғы желтоқсан | ||
7 | 2024 жыл | 1 673 249,50 | 2024 жылғы шілде |
1 673 249,50 | 2024 жылғы желтоқсан | ||
8 | 2025 жыл | 1 673 249,50 | 2025 жылғы шілде |
1 673 249,50 | 2025 жылғы желтоқсан | ||
Жиыны: | 24 471 274,00 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИШӨ – Инвестициялық шығындарды өтеу
ОШӨ – Операциялық шығындарын өтеу