Қазақстан Республикасында контейнерлік тасымалдарды дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 449 қаулысы.

      Контейнерлік тасымалдарды одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында контейнерлік тасымалдарды дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Кешенді жоспарды орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келісу бойынша):

      1) Кешенді жоспарды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;

      2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылы "29" мамырдағы
№ 449 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында 2026 – 2030 жылдарға арналған контейнерлік тасымалдарды дамыту жөніндегі кешенді жоспар

Паспорт

1

Атауы

Қазақстан Республикасында 2026 – 2030 жылдарға арналған контейнерлік тасымалдарды дамытудың кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар)

2

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 1042 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (41-тармақ)

3

Іске асыру мерзімдері

2026 – 2030 жылдар

4

Әзірлеуші мемлекеттік орган және бірлесіп орындаушылардың атауы

1)      Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі (әзірлеуші мемлекеттік орган);
2)      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
3)      Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
4)      Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі;
5)      Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі;
6)      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;
7)      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
8)      Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі;
9)      астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары;
10)      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
11)      "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
12)      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

5

Негізгі проблемалар мен оларды шешу жөніндегі міндеттерді көрсете отырып Кешенді жоспарды қабылдау қажеттілігі туралы қысқаша ақпарат

2026 – 2030 жылдарға арналған контейнерлік тасымалдарды дамытудың кешенді жоспарын қабылдау Қазақстан Республикасында контейнерлік технологияларды пайдалану деңгейінің төмен болуымен, сонымен қатар елеулі транзиттік, экспорттық және ішкі жүк әлеуетінің бар болуымен негізделеді. Әлемдік саудада жаһандық контейнерлендіру мен жүк ағындары үшін халықаралық бәсекелестіктің күшеюі жағдайында контейнерлік тасымалдарды дамытуға жүйелі әрі нысаналы тәсіл қажет. Контейнерлік тасымалдар көлік-логистикалық кешеннің тиімділігін арттырудың, экономиканың логистикалық шығындарын төмендетудің және елдің экспорттық-транзиттік рөлін нығайтудың негізгі элементі болып табылады.
Негізгі проблемалар
1. Контейнерлік тасымалдар үлесінің төмен болуы. Контейнерлік тасымалдар жалпы тасымалдар көлемінің
8 %-ын ғана құрайды, ал республика ішіндегі қатынастағы үлесі өте төмен (0,3 %), бұл контейнерлердің ішкі нарыққа қызмет көрсетуге әлсіз интеграциясын көрсетеді.
2. Жүк әлеуетінің жеткіліксіз іске асырылуы. Жылына шамамен 68,7 млн тонна көлеміндегі контейнерге жарамды жүк базасының болуына қарамастан, қазіргі тасымалдар көлемі әлеуетті деңгейден үш есе төмен.
3. Тасымал құрылымындағы теңгерімсіздік. Контейнер айналымының негізгі көлемі транзит есебінен қалыптасады, ал экспорттық және импорттық тасымалдар ұқсас транзиттік әлеуеті бар елдермен салыстырғанда жеткіліксіз дамыған.
4. Инфрақұрылымдық және технологиялық шектеулер. Контейнерлік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, жүк номенклатурасы мен жөнелту пункттері бойынша жоғары шоғырлану оны мақсатты және кезең-кезеңімен дамытуды талап етеді.
5. Тасымал жылдамдығы мен болжамдылығының төмендеуі. Негізсіз тексерулер, ұзаққа созылатын бақылау рәсімдері және контейнерлердің қозғалысына қойылатын уақытша шектеулер жеткізу мерзімдерін ұзартып, қазақстандық маршруттардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
Проблемаларды шешу жөніндегі негізгі міндеттер:
-      экономикалық тұрғыдан бәсекеге қабілетті және технологиялық жағынан орнықты контейнерлік тасымалдар жүйесін қалыптастыру;
-      ішкі, экспорттық және импорттық қатынастарда контейнерлерді қолдануды кеңейту;
жүк базасының шоғырлануын ескере отырып контейнерлік инфрақұрылымды кезең-кезеңімен дамыту;
-      бақылау және тексеру рәсімдерін оңтайландыру арқылы тасымалдардың жылдамдығы мен сенімділігін арттыру;
-      теңгерімді тарифтік модельді және жеке инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру;
контейнерлік тасымалдарды халықаралық көлік-логистикалық дәліздерге интеграциялау.


Р/с№

Атауы

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтижелер:

1) контейнерлік тасымалдар үлесін тасымалдардың жалпы көлемінен 2030 жылға қарай 15 % – ға дейін ұлғайту (2025 жылы – 8 %)

2)      2025 жылғы деңгеймен салыстырғанда контейнерлік тасымалдардың жылдамдығын арттыру: 2030 жылы – транзиттік тасымалдар бойынша 20 % – ға, 2030 жылы - экспорттық тасымалдар бойынша 15 % – ға

1-бағыт. Логистикалық орталықтардың инфрақұрылымы және дамуы

1.1

Бос контейнерлерді шоғырландыру үшін тірек көлік-логистикалық орталықтарды айқындау және дамыту

КЛО желісін қалыптастыру жоспары

2026 жылғы желтоқсан

КМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

1.2

Контейнерлік тасымалдарды дамытуға арналған инфрақұрылымдық жобаларды талдау және айқындау

жобалар тізімі

2026 жылғы желтоқсан

КМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

1

2

3

4

5

6

7

1.3

Контейнер қайта тиеу бойынша жеткілікті қуаттарды қамтамасыз ету және контейнерлік пойыздарды қалыптастыру үшін логистикалық инфрақұрылымды кеңейту

КМ ақпарат

2030 жылғы желтоқсан

ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

1.4

Екі қабатты контейнерлік тасымалдарды іске қосу

КМ ақпарат

2027 жылғы желтоқсан

ҚТЖ (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

1.5

Көлік-логистикалық инфрақұрылымды халықаралық көлік дәліздерімен интеграциялау (ОА, ТМД, ҚХР, ЕО және басқалар)

халықаралық келісімдер

жыл сайын 2026 - 2028 жылдар

КМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

1.6

Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент, Ақтау және Қарағанды қалаларында

КМ ақпарат

2027 жылғы желтоқсан

Алматы, Астана, Ақтөбе,

талап етілмейді

талап етілмейді


контейнерлік алаңдар (хабтар) құру мәселесін қарау



Шымкент, Ақтау және Қарағанды қалаларының әкімдіктері, ҚТЖ (келісу бойынша)



2-бағыт. Реттеу саясаты және саланы дамыту

2.1

Терминалдар арасындағы

КМ ақпарат

2027

ҚТЖ (келісу

талап етілмейді

талап етілмейді

1

2

3

4

5

6

7


нақты кестелік байланыстар негізінде ішкі тасымалдарды дамыту үшін контейнерлік сервистерді ұйымдастыру


жылғы желтоқсан

бойынша), облыс әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)



2.2

TRACECA қатысушы елдердің мемлекетаралық деңгейінде елдердің шекараларын кесіп өту кезінде жүкті қайта ресімдеу қажеттілігін болдырмау үшін барлық бағыт бойынша контейнерлік пойыздармен жүкқұжат ЦИМ/СМГС қолдану туралы мәселені пысықтау

халықаралық келісімдер

2027 жылғы желтоқсан

КМ, ҚТЖ (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

2.3

Контейнерлік парктің бірыңғай дерекқорын қалыптастыру

КМ бұйрығы

2028 жылғы желтоқсан

КМ, ҚТЖ (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

2.4

Контейнерлік тасымалдарды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру және енгізу:
контейнерлерді қауіпсіз пайдалануға, техникалық жай-күйіне және жөндеуге

КМ бұйрығы

2028 жылғы желтоқсан

КМ, ҚТЖ (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

1

2

3

4

5

6

7


талаптарды қалыптастыру;
контейнерлерді есепке алу мен таңбалауға қойылатын талаптарды регламенттеу;






2.5

Тасымалдау процесіне қатысушылармен олардың өзара іс-қимылын ретке келтіруге бағытталған көлік-логистикалық орталықтардың қызметіне бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру және енгізу, сондай-ақ инфрақұрылымға қойылатын талаптарды және контейнерлік тасымалдау саласында қызметтер көрсету тәртібін айқындау, оның ішінде бос жүрісті регламенттеу
 

КМ бұйрығы

2028 жылғы желтоқсан

КМ, ҚТЖ (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

2.6

Контейнерлік тасымалдарды жобалауға, пайдалануға және олардың тиімділігін бағалауға бірыңғай тәсілді қалыптастыру және енгізу, соның ішінде контейнерлендіру деңгейінің

КМ бұйрығы

2028 жылғы желтоқсан

КМ, ҚТЖ (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

1

2

3

4

5

6

7


көрсеткіштерін айқындау






2.7

Бір контейнерлік поезға тек біртекті жүкке бір декларация беру бөлігінде кедендік жүктерді декларациялау рәсімін оңайлату (бір жөнелту станциясы, бір жүк жөнелтуші, бір мемлекетаралық түйісу пункті)

Үкімет Аппаратына ақпарат

2027 жылғы желтоқсан

Қаржымині, КМ, ҚТЖ (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

2.8

Контейнерлік тасымалдарды дамыту, оның ішінде "жасыл" дәлізді енгізу үшін әкімшілік кедергілерді азайту мәселесін пысықтау

Үкімет Аппаратына ақпарат

2027 жылғы желтоқсан

Қаржымині, КМ, ҚТЖ (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

2.9

Мультимодальды логистика саласындағы мамандардың құзыреттілігін арттыру және кәсіби тәжірибесін дамыту, сондай-ақ мамандандырылған білім беру бағдарламаларын енгізу

ҒЖБМ бұйрығы

2027 жылғы желтоқсан

ҒЖБМ, КМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

2.10

Контейнерлік жүктерді қабылдауға, өңдеуге және жөнелтуге рұқсат етілген

Үкімет Аппаратына ақпарат

2030 жылғы желтоқсан

КМ, ҚТЖ (келісу бойынша),

талап етілмейді

талап етілмейді

1

2

3

4

5

6

7


теміржол инфрақұрылымы мен терминалдарына талаптар жүйесінің стандарттары мен параметрлерін әзірлеу және бекіту



"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)



2.11

Фитингтік платформалардың қажетті паркіне және отандық вагон құрылысы зауыттарының мүмкіндіктеріне талдау жүргізу

КМ қорытындысы

2027 жылғы желтоқсан

КМ, ӨҚМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

2.12

Отандық контейнерлер өндірісін ұйымдастыру мәселесін зерделеу

Үкімет Аппаратына ақпарат

2027 жылғы желтоқсан

КМ, ӨҚМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

2.13

Контейнерлеуді дамытуға бағытталған инновациялық, ғылыми және стартап-жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік қаржы ұйымдарын тарту

меморандумдар

2027 жылғы желтоқсан

КМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

3-бағыт. Тарифтік саясат

3.1

Контейнерлеу деңгейі 15 % -

КМ ақпарат

2026

ҚТЖ (келісу

талап етілмейді

талап етілмейді

1

2

3

4

5

6

7


ға жеткенге дейін контейнерлерде жүктерді тасымалдау тарифтерінің қолданыстағы деңгейін сақтау


жылғы тамыз

бойынша)



3.2

Өндірістік емес қосалқы сілтемелермен жүктелуін барынша азайту мақсатында бос контейнерлердің қалыптасуы басым өңірлерден экспорттық контейнерлік бағыттар үшін экономикалық орындылығын және (немесе) субсидияларды ескере отырып жеңілдіктер жүйесін енгізу

КМ ақпарат

2028 жылғы желтоқсан

ҚТЖ (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

3.3

Каспий теңізіндегі теңіз порттарында контейнерлерді тасымалдау тарифтерін белгілеудің бірыңғай қағидаттарын қалыптастыру мен қолдану

Үкімет Аппаратына ақпарат

2028 жылғы желтоқсан

КМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

4-бағыт. Цифрландыру және технологиялар

4.1

Халықаралық контейнерлік тасымалдарға қатысатын барлық мүдделі тараптар

КМ ақпарат

2028 жылғы желтоқсан

ҚТЖ (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

1

2

3

4

5

6

7


арасында деректер алмасу үшін электрондық теміржол ЦИМ/СМГС жүкқұжаттарын енгізу






4.2

Маршруттарды онлайн жоспарлау, мөлшерлемелерді есептеу және тасымалдарды ресімдеу үшін тасымалдау процесіне қатысушыларға ашық қолжетімділігі бар цифрлық экспедиторды енгізуді пысықтау

сандық платформа

2027 жылғы желтоқсан

ҚТЖ (келісу бойынша), КМ, ЖИЦДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

500 млн теңге

ҚТЖ бюджетінен тыс қаражаты

4.3

Хабарламалар тізілімін (ЖБ) цифрландыруды қоса алғанда, жылжымалы құрамды техникалық тексеру мен жөндеуді цифрлық есепке алу және бақылау жүйесін пысықтау

КМ ақпарат

2027 жылғы желтоқсан

ҚТЖ (келісу бойынша), КМ, ЖИЦДМ

талап етілмейді

талап етілмейді

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҒЖБМ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі;

ЖИЦДМ

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі;

КМ

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі;

Қаржымині

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

ӨҚМ

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

СИМ

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі;

ҰЭМ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

ЭМ

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;

ҚТЖ

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

"Атамекен" ҰКП

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

ЦИМ/
СМГС

Еуропа мен ТМД/Азия елдері арасында тасымалдау үшін пайдаланылатын бірыңғай халықаралық теміржол жүкқұжаты;

ЖБ

вагондарды есепке алуға, жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге байланысты бастапқы құжаттама нысандары;

ЖСҚ

жобалау-сметалық құжаттама.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады