Архитектуралық-үйлестіруші орталығын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 мамырдағы № 398 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 72-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны архитектуралық-үйлестіруші орталық болып айқындалсын.

      2. Мыналардың күші жойылсын:

      1) "Электрондық үкіметтің" сервистік интеграторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 337 қаулысы;

      2) "Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      3. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады