2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға өзгеріс енгізу туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 393 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған 2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға өзгеріс енгізу туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Ермекұлы Омаровқа 2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға өзгеріс енгізу туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 13 мамырдағы
№ 393 қаулысымен
мақұлданған
Жоба

2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға өзгеріс енгізу туралы келісім

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталып,

      2024 жылғы 14 ақпанда Нью-Йоркте жасалған Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның (бұдан әрі – Өзара түсіністік туралы меморандум) "Түзетулер" деген 12-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

      1. Өзара түсіністік туралы меморандумға В қосымшасына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Үкімет беретін негізгі қару-жарақ (жабдық), UNDOF – резервтегі күштер ротасы – Қазақстан" деген В қосымшасының "Талап" деген I бөлімі осы Келісімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Өзара түсіністік туралы меморандумның ажырамас бөлігі болып табылатын осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы Үкіметтің жазбаша хабарламасын Біріккен Ұлттар Ұйымы дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

      2026 жылғы "__" ____ Нью-Йоркте ағылшын тілінде екі төлнұсқа данада қол қойылды.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Біріккен Ұлттар Ұйымыүшін

  2024 жылғы 14 ақпандағы
Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді
бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF)
ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы
арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға
өзгеріс енгізу туралы келісімге қосымша
"В қосымшасы

Үкімет UNDOF-қа беретін негізгі қару-жарақ (жабдық) – Резервтегі күштер ротасы – Қазақстан

І. Талап

2026 жылғы 1 мамырдан басталатын кезеңге


Факторлар: Экологиялық: 0.50 %
Логистика және жол жүру жағдайы: 0.00 %
Дұшпандық әрекет/мәжбүрлі түрде тастап кету: 4.00 %
Инкрементті тасымал: 1.50 %


Жабдық элементі

Саны

Факторды қоспағанда, ай сайынғы мөлшерлеме
америкалық доллар $

Факторды қоса алғанда, ай сайынғы мөлшерлеме
америкалық доллар $

Факторды қоса алғанда, ай сайынғы өтемақы жиыны

      Жалдау түрі: Қызмет көрсете отырып жалдау

      КОНТЕЙНЕРЛЕР

Оқ-дәрі (сақтау) журналы
Басқа контейнерлер

3
2

267.00
73.00

269.74
73.61

809.22
147.22

      Жиыны: 956.44

      ОРНАЛАСУ ЖАБДЫҒЫ

Қоймаға жинау және сақтау

4

523,00

530.13

2,120.52

      Жиыны: 2,120.52

      ЖАУЫНГЕРЛІК МАШИНАЛАР

БТР базасындағы доңғалақты медициналық транспортер

2

5,277.00

5,398.83

10,797.66

БТР базасындағы доңғалақты КШМ

1

4,285.00

4,352.31

4,352.31

қару-жарағымен доңғалақты БТР
(і сыныпты) жаяу әскерге арналған

11

7,801.00

7,996.88

87,965.68

      Жиыны: 103,115.65

      ҚОЛДАУ МАШИНАCЫ (КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҮЛГІ)

Автобустар (13-24 жолаушы)

1

1,208.00

1,240.50

1,240.50


      ҚОЛДАУ МАШИНАСЫ (ӘСКЕРИ ҮЛГІДЕГІ)

Жүк автомобилі (5 тоннадан астам және 10 тоннаға дейін)
Әскери радиостанциясы бар джип (4x4)

2

2,044.00
1,338.00

2,093.46
1,378.33

4,186.92
8,269.98

Техникалық қызмет көрсететін орташа жүк көлігі
Автомобильдік су цистернасы (5000 литрден астам 10 000 литрге дейін)

1
1

1,521.00
1,917.00

1,554.23
1,962,74

1,554.23
1,962.74

  Жиыны: 15,973.87

      МИНАСЫЗДАНДЫРУ МАШИНАСЫ, ЖҚЗЗ ЖӘНЕ ҚЖЖҚ

Оқ-дәріні/қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қатерсіздендіретін броньды кабинасы бар минаға қарсы жүк автокөлігі

2

8,323.00

8,498.53

16,997.06

Қадағалау және/немесе жою мүмкіндігі бар қашықтан басқарылатын (rov) автомобиль

1

1,798.00

1,842.55

1,842.55

  Жиыны: 18,839.61

      ЖОҒАРЫ ЖИІЛІКТІ ЖАБДЫҚ

Антенналар.
Кезеңдік-бағытталған лог
Қуаты жоғары базалық
қабылдағыш, қт қуаты жоғары
Базалық станция таратқышы, жж

2
2
2

100.00
123.00
309.00

100.75
124.46311.91

201.50
248.92
623.82

  Жиыны: 1,074.24

      ҚАРУ-ЖАРАҚ

Станокты оқшашар (10 мм дейін)

8

44.00

44.47

355.76

  Жиыны: 355.76

      ЭЛЕКТР ТЕХНИКА –– СТАЦИОНАРЛЫҚ ЖӘНЕ МОБИЛЬДІ ГЕНЕРАТОРЛАР

20-30 КВА стационарлық және мобильді генератор

2

461.00

468.35

936.70

  Жиыны: 936.70

      МИНАСЫЗДАНДЫРУ ЖАБДЫҒЫ, ЖҚЗЗ ЖӘНЕ ҚЖЖҚ

Белсенді металл анықтағышы мен групенарлы радары бар қол минаіздегіші (қосарланған датчик)

4

287.00

292.15

1,168.60

Автомобильге орнатылған
қашықтан іске қосылатын импровизацияланған жарылғыш құрылғысына қарсы іс-қимыл (кедергі) шаралары бойынша электроника

15

2,848.00

2,910.61

43,659.15

Жарылу қаупі бар оқ-дәрі арқылы пайдаланылатын
2 дербес (әсер ету деңгейін айқындау мүмкіндігі бар) дозиметрді қоса алғанда,
портативті цифрлық рентген жүйесі

1

339,00

348.50

348.50

Бомбаны анықтайтын қол локаторы
(ферромагнит объектілерін анықтау магнитометрі)

2

204.00

207.68

415.36

Қол (мина) детекторы (белсенді металл детектор)

10

88.00

89.60

896.00

Оқ-дәріні қатерсіздендіретін ілмек пен жіп құрал-сайманы жинағы

4

10.00

10.30

41.20

EOD костюмі – ауыр (кеуде мен шапқа арналған ең төмен рейтинг v50 1600)

5

293.00

298.28

1,491.40

EOD костюмі – жеңіл (кеуде мен шапқа арналған ең төмен рейтинг v50 1000)

10

186.00
 

189.31
 

1,893.10
 

Қуаты жоғары портативті ерлер ЭБУ (ұялы ұяшық/GPS/басқыш)

3

470.00

472.56

1,417.68

  Жиыны: 51,330.99

      МИНАСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ОҚ-ДӘРІНІ ҚАТЕРСІЗДЕНДІРУ ЖАБДЫҒЫ

Импровизацияланған жарылғыш құрылғыны жою керек-жарағы (оқ-дәріні кәдеге жаратуға арлаған кәдімгі керек-жарақ жинағына қосымша) (жинақ)

1

594,00

598.44

598.44

  Жиыны: 598.44

      ТӘРТІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАБДЫҒЫ – ТӘРТІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕСКЕ АРНАЛҒАН БАСҚА ДА ЖАБДЫҚ

Генератор бар прожектор (жиынтық)

2

51.00

51.89

103.78

  Жиыны: 104.98

      УАҚЫТША БАЗАЛЫҚ ЖАБДЫҚ

Өрістетілетін бөлімшеге арналған шатыр (10 адамға дейін)

6

76.00

76.73

460,38

  Жиыны: 460.38
  Жиыны: $197,106.88

      Ескертпе:

      2026 жылғы 1 мамырда күшіне енетін № 2 түзету: 2025 жылғы 17 қазанда бекітілген және іс жүргізу базасында тіркелген Миссияның сұрау салуы бойынша бір қосымша жедел жәрдем машинасы өрістетілген жағдайда БТР базасындағы доңғалақты медициналық транспортер санының 1-ден (бірден) 2-ге (екіге) дейін өзгеруі.

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын № 1 түзету. Миссияның жаңа факторлары туындаған жағдайдағы техникалық түзету.

      1. "Арлан" броньды транспортері шот-фактуралар және өрістету алдындағы тексеру негізінде 1-сыныпты доңғалақты қару-жарағы бар броньды транспортер ретінде жіктелген.

      2. EOD (explosive ordnance device) "Арлан" броньды транспортері минасыздандыру машинасы – торуылдан қорғалған EOD тобының минаға қарсы жүк көлігі ретінде жіктелген.

      3. Контейнерлер: Миссия Қазақстан Республикасы күштерінің резервтегі ротасы үшін БҰҰ-ға тиесілі қосымша контейнерлер береді (Өзара түсіністік туралы меморандумды әзірлеу аяқталған кезде – 8).

      4. Жоғары жиілікті байланыс жабдығы: ECM бәсеңдеткіштері пайдаланылған кезде жедел резервке қою үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға В қосымшасына енгізілген.

      5. Көлік құралдарына орнатылатын қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардан қорғаудың электрондық құралдары (бәсеңдеткіштер): бөлімше барлық x15 жауынгерлік машиналарға интеграцияланған ECM-мен өрістетілетін болады.

      6. Қоймаға жинау және сақтау: Қазақстан күштердің бұрынғы резервтегі ротасынан алған жабдық.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады