"1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 мамырдағы № 369 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған 1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаевқа 1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы
№ Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба

1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы ХАТТАМА

      Қазақстан Республикасы және Түркия Республикасы, бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталады,

      1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартты, бұдан әрі Шарт деп аталады негізге ала отырып,

      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      Шарттың 2-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"2-бап

Құқықтық көмек арнасы

      Уағдаласушы Тараптар құқықтық көмекті осы Шарттың 11 және 22-баптарын қолдануға нұқсан келтірмей, орталық органдары арқылы береді.

      Қазақстан Республикасының орталық органдары:

      Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі – соттардан келіп түсетін құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салулар бойынша;

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі – басқа құзыретті органдардан келіп түсетін құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салулар бойынша.

      Түркия Республикасының орталық органы: Түркия Республикасының Әділет министрлігі.".

2-бап

      Осы Хаттама – Шарттың ажырамас бөлігі, ол Тараптар дипломатиялық арналар арқылы осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті ішкі құқықтық рәсімдерін аяқтағаны туралы бір-бірін хабардар ететін соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Хаттама Шарттың қолданысы тоқтатылғанда өз қолданысын тоқтатады.

      20__жылғы "__"_______ әрқайсысы қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндер – теңтүпнұсқалы. Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін басым күшке ие. 

      Қазақстан Республикасы үшін Түркия Республикасы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады