"Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 710 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 290 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 710 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген аудандық маңызы бар қалалар мен аудан орталықтарына арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеуде қолданылатын объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен көліктік, мәдени-бос уақыт өткізетін, спорттық, инженерлік, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткіштері:

      мынадай мазмұндағы "13. Агробизнес инфрақұрылымы" деген бөліммен толықтырылсын:

      "

13.

Агробизнес инфрақұрылымы


13.1

Мал сою пункті*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

13.2

Етті қайта өңдейтін мал сою пункті*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

13.3

Шағын өнеркәсіптік аймақтар*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

13.4

Сервистік-дайындау орталықтары*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

      ";

      көрсетілген қаулымен бекітілген ауылдық округтердің орталықтары мен тірек ауылдық елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеуде қолданылатын объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен көліктік, мәдени-бос уақыт өткізетін, спорттық, инженерлік, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткіштері:

      мынадай мазмұндағы "12. Агробизнес инфрақұрылымы" деген бөліммен толықтырылсын:

      "

12.

Агробизнес инфрақұрылымы


12.1

Мал сою пункті*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

12.2

Етті қайта өңдейтін мал сою пункті*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

12.3

Шағын өнеркәсіптік аймақтар*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

12.4

Сервистік-дайындау орталықтары*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

      ";

      көрсетілген қаулымен бекітілген қалған ауылдық елді мекендер мен кенттерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеуде қолданылатын объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен көліктік, мәдени-бос уақыт өткізетін, спорттық, инженерлік, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткіштері:

      мынадай мазмұндағы "11. Агробизнес инфрақұрылымы" деген бөліммен толықтырылсын:

      "

11.

Агробизнес инфрақұрылымы


11.1

Мал сою пункті*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

11.2

Етті қайта өңдейтін мал сою пункті*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

11.3

Мал бордақылау алаңдары*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

11.4

Шағын өнеркәсіптік аймақтар*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

11.5

Сервистік-дайындау орталықтары*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады