Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 710 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген аудандық маңызы бар қалалар мен аудан орталықтарына арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеуде қолданылатын объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен көліктік, мәдени-бос уақыт өткізетін, спорттық, инженерлік, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткіштері:
мынадай мазмұндағы "13. Агробизнес инфрақұрылымы" деген бөліммен толықтырылсын:
"
13. | Агробизнес инфрақұрылымы | |
13.1 | Мал сою пункті* | Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* |
13.2 | Етті қайта өңдейтін мал сою пункті* | Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* |
13.3 | Шағын өнеркәсіптік аймақтар* | Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* |
13.4 | Сервистік-дайындау орталықтары* | Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* |
";
көрсетілген қаулымен бекітілген ауылдық округтердің орталықтары мен тірек ауылдық елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеуде қолданылатын объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен көліктік, мәдени-бос уақыт өткізетін, спорттық, инженерлік, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткіштері:
мынадай мазмұндағы "12. Агробизнес инфрақұрылымы" деген бөліммен толықтырылсын:
"
12. | Агробизнес инфрақұрылымы | |
12.1 | Мал сою пункті* | Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* |
12.2 | Етті қайта өңдейтін мал сою пункті* | Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* |
12.3 | Шағын өнеркәсіптік аймақтар* | Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* |
12.4 | Сервистік-дайындау орталықтары* | Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* |
";
көрсетілген қаулымен бекітілген қалған ауылдық елді мекендер мен кенттерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеуде қолданылатын объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен көліктік, мәдени-бос уақыт өткізетін, спорттық, инженерлік, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткіштері:
мынадай мазмұндағы "11. Агробизнес инфрақұрылымы" деген бөліммен толықтырылсын:
"
11. | Агробизнес инфрақұрылымы | |
11.1 | Мал сою пункті* | Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* |
11.2 | Етті қайта өңдейтін мал сою пункті* | Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* |
11.3 | Мал бордақылау алаңдары* | Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* |
11.4 | Шағын өнеркәсіптік аймақтар* | Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* |
11.5 | Сервистік-дайындау орталықтары* | Елді мекеннің қажеттілігіне қарай* |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |