Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында берілген грантқа қатысты нота алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 272 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2026 жылғы 30 қаңтарда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында берілген грантқа қатысты нота алмасу нысанындағы келісім бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Ескерту. Нормативтік құқықтық
актіге қоса тіркелген
халықаралық Келісімнің мәтіні
ресми болып табылмайды.
ҚР халықаралық Келісімінің
жасасқан тілдердегі ресми
куәландырылған көшірмесін ҚР
халықаралық Келісімдерін
тіркеуге, есептеуге және
сақтауға жауапты ҚР Сыртқы
істер министрлігінен алуға
болады
  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
  2026 жылғы 14 сәуірдегі
№ 272 қаулысымен
бекітілген

      Қазақстан Республикасының нотасы

      Жоғары мәртебелі,

      Бүгінгі күні мынаны хабарлайтын нотаны Жоғары Мәртебелінің алуын растау құрметіне ие болып отырмын:

      "Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу мақсатында жапон экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге қатысты Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі "Алушы" деп аталады) өкілдері арасындағы таяуда өткізілген талқылауға сілтеме жасау құрметіне ие болып отырмын. Жапония Үкіметінің атынан мынадай келісімді ұсыну құрметіне ие болып отырмын:

      1. (1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Транскаспий халықаралық көлік бағытындағы Ақтау портының кедендік бекетіндегі жүктi сканерлеу жабдығын жаңғырту жөніндегі жобаны (бұдан әрі "Жоба" деп аталады) жүзеге асыруына жәрдем көрсету мақсатында Жапония Үкіметі Алушыға ¥ 719000000 (жеті жүз он тоғыз миллион) жапон иені мөлшерінде грант (бұдан әрі "Грант" деп аталады) бөлу туралы шешімді Жапонияның қолданыстағы заңдарын, нормативтік актілерін және бюджет қаражатын сақтауды ескере отырып қабылдады.

      (2) Грант Алушы немесе оның уәкілетті органы және Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) (бұдан әрі "G/A" деп аталады) арасында грант беру туралы келісімді жасасу арқылы ұсынылатын болады.

      (3) Грант беру шарттары, сондай-ақ оны пайдалану тәртібі осы келісім шеңберінде G/A арқылы реттелетін болады.

      2. Грант G/A-да көрсетілуі мүмкін кезең ішінде қолжетімді болады, бұл кезең G/A күшіне енген күн мен 2030 жылғы 31 желтоқсан аралығында болуы тиіс. Аталған кезең екі үкіметтің тиісті органдарының өзара келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

      Жоғары мәртебелі,

      ИИДЗИМА Ясусама мырза

      Жапонияның Қазақстан Республикасындағы

      Төтенше және Өкілетті Елшісі

      3. Грант Алушы тарапынан тиісті түрде және тек қана Жобаны іске асыру үшін қажет болатын, G/A-да көрсетілуі мүмкін өнімдерді және (немесе) көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі тиісінше "Өнімдер" және "Көрсетілетін қызметтер" деп аталады) сатып алуға ғана пайдаланылуы тиіс.

      4. Алушы немесе оның уәкілетті органы Өнімдерді және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін жапон азаматтарымен жапон иенінде шарттар жасайды (осы келісімде "жапон азаматтары" термині жапон жеке тұлғаларын немесе жапон жеке тұлғалары бақылайтын және Жапонияда тіркелген жапон заңды тұлғаларын білдіреді). Мұндай шарттарды Грант алу талаптарына сәйкестігі тұрғысынан JICA тексереді.

      5. Грантты JICA G/A ережелеріне сәйкес Алушы немесе оның уәкілетті органы көрсеткен Алушының атына Жапониядағы банкте ашылған шотқа жапон иенінде төлемдерді жүзеге асыру арқылы іске асырылады.

      6. (1) Алушы мынадай қажетті шараларды қабылдайды:

      (a) Өнімдерді және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты Алушының елінде алынуы мүмкін кедендік баждарды, ішкі салықтарды және басқа да фискалдық алымдарды уәкілетті орган Грантты пайдаланбай босатуын қамтамасыз ету үшін];

      (b) Жобаны іске асыру кезінде экологиялық және әлеуметтік аспектілерге тиісінше назар аудару;

      (c) Өнімдердің және (немесе) Көрсетілетін қызметтердің Жобаны іске асыру үшін тиісінше және тиімді түрде қызмет көрсетілуін және пайдаланылуын және әскери мақсатта пайдаланылмауын қамтамасыз ету;

      (d) Жобаны іске асыру үшін қажетті жер учаскелерін бөлуді қамтамасыз ету және аумақты тазарту;

      (e) электр энергиясын бөлу, сумен жабдықтау және су бұру құралдарын, сондай-ақ Жобаны іске асыру үшін қажетті басқа да ілеспе құралдарды ұсыну;

      (f) Өнімді Алушының елінде тез тиеп-жөнелтуді, кедендік ресімдеуді және ішкі тасымалдауды қамтамасыз ету;

      (g) Өнімдерді жеткізуге және/немесе Көрсетілетін қызметтерді көрсетуге байланысты Көрсетілетін қызметтері талап етілуі мүмкін жапон жеке тұлғаларына және/немесе үшінші елдердің жеке тұлғаларына олардың Алушы еліне кіруіне және өз жұмысын орындау үшін болуына қажет болуы мүмкін керек-жарақты ұсыну;

      (h) Алушының елінде Жобаны іске асыруға қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      (i) жобаны іске асыру үшін қажетті грантпен жабылатындардан басқа, барлық шығыстарды көтеру.

      (2) Сұрау салу бойынша Алушы Жапония Үкіметіне жоба туралы қажетті ақпаратты ұсынады.

      (3) Өнімдерді тасымалдау мен теңіздегі сақтандыруға қатысты Алушы көліктік және теңіз сақтандыру компаниялары арасындағы әділ және еркін бәсекелестікке кедергі келтіруі мүмкін ешқандай шектеулер қоймауға міндеттенеді.

      (4) Өнімдер және/немесе Көрсетілетін қызметтер Алушының елінен экспорттауға немесе кері экспорттауға жатпайды.

      7. Екі елдің үкіметтері осы келісімге байланысты туындауы мүмкін кез келген мәселелер бойынша консультациялар өткізеді.

      Осы нота және Алушының атынан жоғарыда баяндалған келісімді растайтын, Жоғары мәртебелі, Сіздің жауап нотаңыз Қазақстан Республикасының Үкіметінен осындай Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша хабарламаны Жапония Үкіметі алған күннен бастап күшіне енетін Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында берілген грантқа қатысты ноталар алмасу нысанындағы келісімді құрайды деп ұсыну құрметіне ие болып отырмын.".

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда көрсетілген түсіністікті растау және, Жоғары Мәртебелі, Сіздің нотаңыз бен осы жауап нота Қазақстан Республикасының Үкіметінен осындай Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша хабарламаны Жапония Үкіметі алған күннен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында берілген грантқа қатысты ноталар алмасу нысанындағы келісімді құрайтынына келісу құрметіне ие болып отырмын.

      Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелі, Сізге өзімнің зор ілтипатымды білдіргім келеді.

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрі
Нұрлан САУРАНБАЕВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
  2026 жылғы 14 сәуірдегі
№ 272 қаулысымен
бекітілген

      Жапония нотасы

      Жоғары мәртебелі,

      Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу мақсатында жапон экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге қатысты Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері арасындағы таяуда өткізілген талқылауға сілтеме жасау құрметіне ие болып отырмын. Жапония Үкіметінің атынан мынадай келісімді ұсыну құрметіне ие болып отырмын:

      1. (1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі "Алушы" деп аталады) Транскаспий халықаралық көлік бағытындағы Ақтау портының кедендік бекетіндегі жүктi сканерлеу жабдығын жаңғырту жөніндегі жобаны (бұдан әрі "Жоба" деп аталады) жүзеге асыруына жәрдем көрсету мақсатында Жапония Үкіметі Алушыға ¥ 719000000 (жеті жүз он тоғыз миллион) жапон иені мөлшерінде грант (бұдан әрі "Грант" деп аталады) бөлу туралы шешімді Жапонияның қолданыстағы заңдарын, нормативтік актілерін және бюджет қаражатын сақтауды ескере отырып қабылдады.

      (2) Грант Алушы немесе оның уәкілетті органы және Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) (бұдан әрі "G/A" деп аталады) арасында грант беру туралы келісімді жасасу арқылы ұсынылатын болады.

      (3) Грант беру шарттары, сондай-ақ оны пайдалану тәртібі осы келісім шеңберінде G/A арқылы реттелетін болады.

      2. Грант G/A-да көрсетілуі мүмкін кезең ішінде қолжетімді болады, бұл кезең G/A күшіне енген күн мен 2030 жылғы 31 желтоқсан аралығында болуы тиіс. Аталған кезең екі үкіметтің тиісті органдарының өзара келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

      Жоғары Мәртебелі

      Нұрлан Сауранбаев мырза

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      3. Грант Алушы тарапынан тиісті түрде және тек қана Жобаны іске асыру үшін қажет болатын, G/A-да көрсетілуі мүмкін өнімдерді және (немесе) көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі тиісінше "Өнімдер" және "Көрсетілетін қызметтер" деп аталады) сатып алуға ғана пайдаланылуы тиіс.

      4. Алушы немесе оның уәкілетті органы Өнімдерді және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін жапон азаматтарымен жапон иенінде шарттар жасайды (осы келісімде "жапон азаматтары" термині жапон жеке тұлғаларын немесе жапон жеке тұлғалары бақылайтын және Жапонияда тіркелген жапон заңды тұлғаларын білдіреді). Мұндай шарттарды Грант алу талаптарына сәйкестігі тұрғысынан JICA тексереді.

      5. Грантты JICA G/A ережелеріне сәйкес Алушы немесе оның уәкілетті органы көрсеткен Алушының атына Жапониядағы банкте ашылған шотқа жапон иенінде төлемдерді жүзеге асыру арқылы іске асырылады.

      6. (1) Алушы мынадай қажетті шараларды қабылдайды:

      (a) Өнімдерді және (немесе) Көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты Алушының елінде алынуы мүмкін кедендік баждарды, ішкі салықтарды және басқа да фискалдық алымдарды уәкілетті орган Грантты пайдаланбай босатуын қамтамасыз ету үшін];

      (b) Жобаны іске асыру кезінде экологиялық және әлеуметтік аспектілерге тиісінше назар аудару;

      (c) Өнімдердің және (немесе) Көрсетілетін қызметтердің Жобаны іске асыру үшін тиісінше және тиімді түрде қызмет көрсетілуін және пайдаланылуын және әскери мақсатта пайдаланылмауын қамтамасыз ету;

      (d) Жобаны іске асыру үшін қажетті жер учаскелерін бөлуді қамтамасыз ету және аумақты тазарту;

      (e) электр энергиясын бөлу, сумен жабдықтау және су бұру құралдарын, сондай-ақ Жобаны іске асыру үшін қажетті басқа да ілеспе құралдарды ұсыну;

      (f) Өнімді Алушының елінде тез тиеп-жөнелтуді, кедендік ресімдеуді және ішкі тасымалдауды қамтамасыз ету;

      (g) Өнімдерді жеткізуге және/немесе Көрсетілетін қызметтерді көрсетуге байланысты Көрсетілетін қызметтері талап етілуі мүмкін жапон жеке тұлғаларына және/немесе үшінші елдердің жеке тұлғаларына олардың Алушы еліне кіруіне және өз жұмысын орындау үшін болуына қажет болуы мүмкін керек-жарақты ұсыну;

      (h) Алушының елінде Жобаны іске асыруға қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      (i) жобаны іске асыру үшін қажетті грантпен жабылатындардан басқа, барлық шығыстарды көтеру.

      (2) Сұрау салу бойынша Алушы Жапония Үкіметіне жоба туралы қажетті ақпаратты ұсынады.

      (3) Өнімдерді тасымалдау мен теңіздегі сақтандыруға қатысты Алушы көліктік және теңіз сақтандыру компаниялары арасындағы әділ және еркін бәсекелестікке кедергі келтіруі мүмкін ешқандай шектеулер қоймауға міндеттенеді.

      (4) Өнімдер және/немесе Көрсетілетін қызметтер Алушының елінен экспорттауға немесе кері экспорттауға жатпайды.

      7. Екі елдің үкіметтері осы келісімге байланысты туындауы мүмкін кез келген мәселелер бойынша консультациялар өткізеді.

      Осы нота және Алушының атынан жоғарыда баяндалған келісімді растайтын, Жоғары мәртебелі, Сіздің жауап нотаңыз Қазақстан Республикасының Үкіметінен осындай Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша хабарламаны Жапония Үкіметі алған күннен бастап күшіне енетін Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында берілген грантқа қатысты ноталар алмасу нысанындағы келісімді құрайды деп ұсыну құрметіне ие болып отырмын.

      Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелі, Сізге өзімнің зор ілтипатымды білдіргім келеді.

      ___________________________________________

      ИИДЗИМА Ясусама

      Жапонияның Қазақстан Республикасындағы

      Төтенше және Өкілетті Елшісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады