Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 780 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сорттары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) "Есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігін өсіру шарттарына және ондағы тетрагидроканнабинолдың жол берілетін құрамын айқындауға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 797 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігін өсіру шарттарына қойылатын талаптарда:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) – өндiрiсте шаруашылық мақсатта Пайдалану үшiн ұсынылатын сортты, тұқымды қамтитын Қазақстан Республикасының пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетiстiктерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсірілетін сора (каннабис) өсімдігінің егістері елді мекендерден, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарынан және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының егістерінен кемінде 300 (үш жүз) метр қашықтықта, тұқым өндіру үшін өсірілетін сора (каннабис) өсімдігінің егістері кемінде 2 (екі) километр қашықтықта орналастырылуға тиіс және егіс алаңдарының шекаралары нақты айқындалған қорғау аймағымен қамтамасыз етіледі, учаскенің периметрі бойынша тор немесе тікенек сымды қоршау орнатылады, тәулік бойғы күзет қамтамасыз етіледі және кіріп-шығатын бір орын белгіленеді не санкциясыз кірудің алдын алуды қамтамасыз ететін күзет пен мониторингтің техникалық құралдары (бейнебақылау, пилотсыз ұшу аппараттары, сигнал беру жүйелері, GPS-бақылау) қолданылады";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Пайдаланар алдында сора (каннабис) өсімдігінің тұқымдары міндетті түрде зерттеліп, ТГК құрамының осы қаулының 2-тармағында белгіленген нормадан аспайтыны расталады.
Себуге дайын сора (каннабис) өсімдігінің тұқымдарын зерттеу егіс жұмыстары басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын жүргізіледі.
Сора (каннабис) өсімдігінде ТГК-ның болуына зерттеу жүргізу вегетациялық кезең ішінде міндетті болып табылады және мына мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) белсенді өсу кезеңінде – сепкеннен кейін 40-45 күн ішінде;
2) орып-жинау алдындағы кезеңде – сепкеннен кейін 90-120 күн ішінде/өнім жинауды бастар алдында.
Сора (каннабис) тұқымдары мен өсімдігінде ТГК-ның болуын зерттеуді сот сараптамасы органы лицензия негізінде сора (каннабис) өсімдігін өсірумен айналысатын заңды тұлғалардың қаражаты есебінен шарттық негізде жүргізеді.
Зерттеу нәтижелері бойынша сот сараптамасы органы сора (каннабис) тұқымдарында немесе өсімдігінде ТГК-ның болуына қатысты маманның қорытындысын ресімдейді.
Зерттеу нәтижелері бойынша TГК-ның болуы белгіленген деңгейден асып кеткен жағдайда барлық егіс алаңы тексерілуге тиіс.
Бүкіл егіс алаңында ТГК болуының белгіленген деңгейден асып кеткені анықталған жағдайда сот сараптамасы органы тиісті ақпаратты үш жұмыс күні ішінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 сәуірдегі № 259 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 780 қаулысымен бекітілген |
Есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сорттары
Р/с | Сорттың атауы | Латынша атауы |
| 1 | 2 | 3 |
|---|---|---|
Америка Құрама Штаттары | ||
1. | Бялобжеске | Bialobrzeskie |
2. | Канда | Canda |
3. | Карманьола | Carmagnola |
4. | Карманьола Селект | Carmagnola Select |
5. | Гранди | Grandi |
6. | Катани | Katani |
7. | Силезия | Silesia |
8. | Унико Б | Uniko B |
9. | УСО 4 | USO 4 |
10. | Тиборсаллаша | Tiborszállási |
11. | Тиса | Tisza |
12. | Зенит | Zenit |
Аустралия | ||
13. | Банди Джем | Bundy Gem |
14. | Хан ФНКью | Han FNQ |
15. | Хан ФНХ | Han FNH |
16. | Хан НЕ | Han NE |
17. | Хан КОЛД | Han COLD |
18. | Морпет | Morpeth |
Германия Федеративтік Республикасы | ||
19. | Анджело | Angelo |
20. | Энджи | Angie |
21. | Анка | Anka |
22. | КанМа | CanMa |
23. | Краг | Crag |
24. | Дени | Deni |
25. | Эйти Эйт | Eighty Eight |
26. | ESTA-1 | ESTA-1 |
27. | Фасамо | Fasamo |
28. | Фелина 34 | Felina 34 |
29. | Феримон | Ferimon |
30. | Фибранова | Fibranova |
31. | Фибрико | Fibriko |
32. | Фибримон 24 | Fibrimon 24 |
33. | Фибримон 56 | Fibrimon 56 |
34. | Георгина | Georgina |
35. | ГранМа | GranMa |
36. | Индиго | Indigo |
37. | IPB45 | IPB45 |
38. | Джои | Joey |
39. | Джуди | Judy |
40. | Надин | Nadine |
41. | NWG 2463 | NWG 2463 |
42. | NWG 2730 | NWG 2730 |
43. | Пембина | Pembina |
44. | Петера | Petera |
45. | Пиколо | Picolo |
46. | Рак | Rak |
47. | Фасамо | Fasamo |
48. | Каннакомп | Cannakomp |
49. | Дельта-405 | Delta-405 |
50. | Фибранова | Fibranova |
51. | Фибранте | Fibrante |
52. | Греция | Glecia |
53. | Глиана | Gliana |
54. | Марселло | Marcello |
55. | Маркант | Markant |
56. | Сильвана | Silvana |
Жаңа Зеландия | ||
57. | Анка | Anka |
Жапония | ||
58. | Тошигиширо | Tochigishiro |
59. | Нашинойде 15 | Nashinoide 15 |
Италия Республикасы | ||
60. | Карма | Carma |
61. | Карманьола селеционата | Carmagnola selezionata |
62. | Кармалеонте | Carmaleonte |
63. | Моноика | Monoica |
64. | Карманьола Селект | Carmagnola Select |
Канада | ||
65. | A1 HCFX | A1 HCFX |
66. | А1 МАКМОНО | A1 MACMONO |
67. | Аотеароа 1 | Aotearoa 1 |
68. | Бялобжеске | Bountiful |
69. | Канда | Canda |
70. | CFX-1 | CFX-1 |
71. | CFX-2 | CFX-2 |
72. | CRS-1 | CRS-1 |
73. | Эрлина 8 FC | Earlina 8 FC |
74. | Катани | Katani |
75. | Комполти Саргасзару | Kompolti Sargaszaru |
76. | Джурассик | Jurassic |
77. | Мама Мария | Mama Maria |
78. | Мари | Marie |
79. | Марина | Marina |
80. | Марта | Martha |
81. | Морин | Maureen |
82. | NWG 4000 | NWG 4000 |
83. | Пейнтед Лэди | Painted Lady |
84. | Ригель | Rigel |
85. | Силезия | Silesia |
86. | Вега | Vega |
87. | Висока | Visoka |
88. | X-59 (Хемп Нат) | X-59 (Hemp Nut) |
89. | Золотоноша 15 | Zolotonosha 15 |
Қытай Халық Республикасы | ||
90. | Юнма 1 | Yunma 1 |
91. | Юнма 2 | Yunma 2 |
92. | Юнма 3 | Yunma 3 |
93. | Юнма 4 | Yunma 4 |
94. | Юнма 5 | Yunma 5 |
95. | Юнма 7 | Yunma 7 |
96. | Лунма 1 | Longma 1 |
97. | Лунма 2 | Longma 2 |
98. | Лунма 3 | Longma 3 |
99. | Бама 4 | Bama 4 |
100. | Юма 1 | Yuma 1 |
101. | Юма 2 | Yuma 2 |
102. | Юма 3 | Yuma 3 |
103. | Юма 4 | Yuma 4 |
Латвия Республикасы | ||
104. | Анка | Anka |
105. | Адзелвеси | Adzelviesi |
106. | Ассо | Asso |
107. | Ауста SK | Austa SK |
Мажарстан Республикасы | ||
108. | Ютта | Jutta |
109. | Катани | Katani |
110. | Комполти | Kompolti |
111. | Комполти Гибрид ТС | Kompolti Hibrid TC |
112. | Куида | Quida |
113. | USO 31 | USO 31 |
114. | Комполти | Kompolti |
115. | Диоика 88 | Dioica 88 |
116. | Эпсилон 68 | Epsilon 68 |
117. | Феримон | Ferimon |
118. | Фиброл | Fibrol |
119. | Фиброл 79 | Fibror 79 |
120. | Айвори | Ivory |
121. | КС Бонус | KC Bonusz |
122. | Комполти | Kompolti |
123. | Комполти гибрид ТС | Kompolti hibrid TC |
124. | Сарваши | Szarvasi |
125. | Тиборсаллаши | Tiborszallasi |
126. | Тисса | Tisza |
127. | Тиборсаллаши | Tiborszállási |
128. | Мона 16 | Mona 16 |
Мексика | ||
129. | Ловрин 110 | Lovrin 110 |
130. | Мадре Сейс | Madre Seis |
Нидерланд Корольдігі | ||
131. | Остара 9 | Ostara 9 |
Польша Республикасы | ||
132. | Белобжеские | Bialobrzeskie |
133. | Сантьям | Santiam |
134. | УСО 14 | USO 14 |
135. | А1 Монопурп | A1 Monopurp |
136. | Бэнико | Beniko |
137. | Белобжеские | Bialobrzeskie |
138. | Липко | Lipko |
139. | Сукцессив | Succesiv |
140. | Тигра | Tygra |
141. | Великопольские | Wielkopolskie |
142. | Войко | Wojko |
143. | Белобжеские | Bialobrzeskie |
144. | Хенола | Henola |
Ресей Федерациясы | ||
145. | Гляна | Glyana/Hlyana |
146. | МИК | MIK |
147. | Вера | Vera |
148. | Виктория | Victoria |
149. | Екатеринодарская | Ekaterinodarskaya |
150. | Кубанка | Kubanka |
151. | Омегадар-1 | Omegadar-1 |
152. | Омегадар-2 | Omegadar-2 |
153. | Мария | Mariya |
154. | Южанка | Yuzhanka |
155. | Надежда | Nadezhda |
Румыния | ||
156. | Лаура Секорд | Laura Secord |
157. | Арманка | Armanca |
158. | Дакия Секуйени | Dacia Secuieni |
159. | Ловрин 110 | Lovrin 110 |
160. | Секуйени Юбилеу | Secuieni Jubileu |
Словакия Республикасы | ||
161. | КС Дора | KC Dora |
162. | КС Виртус | KC Virtus |
163. | КС Зузана | KC Zuzana |
164. | КСА Борана | KCA Borana |
Украина | ||
165. | USO-31 | USO-31 |
166. | USO-14 | USO-14 |
167. | Гляна | Hliana |
168. | Глесия | Hlesiia |
169. | Артемида | Artemida |
170. | Гармония | Harmoniia |
171. | Глухивски 51 | Hlukhivski 51 |
172. | Глухивски 85 | Hlukhivski 85 |
173. | Миколайчик | Mykolaichyk |
174. | Вик 2020 | Vik 2020 |
175. | Виктория | Victoria |
176. | Глера | Hlera |
177. | Зоряна | Zoryana |
178. | Золотониски 11 | Zolotonis’ki 11 |
179. | Золотониски 15 | Zolotonis’ki 15 |
180. | Золотоноша 11 | Zolotonosha 11 |
181. | Золотоноша 15 | Zolotonosha 15 |
182. | Лирына | Liryna |
183. | Медана | Medana |
184. | Афина | Afina |
185. | Деметра | Demetra |
186. | Ника | Nika |
Финляндия Республикасы | ||
187. | Финола | Finola |
188. | Финола 2 | Finola 2 |
Франция Республикасы | ||
189. | Альтаир | Altair |
190. | Алисса | Alyssa |
191. | CS | CS |
192. | Федрина 74 | Fedrina 74 |
193. | Федора 17 | Fedora 17 |
194. | Феримон 12 | Ferimon 12 |
195. | Футура 75 | Futura 75 |
196. | Федора 17 | Fedora 17 |
197. | Фелина 32 | Felina 32 |
198. | Сантика 23 | Santhica 23 |
199. | Сантика 27 | Santhica 27 |
200. | Сантика 70 | Santhica 70 |
201. | Федора 17 | Fedora 17 |
Чех Республикасы | ||
202. | Денизе | Denise |
203. | Раян | Rajan |
204. | Ратца | Ratza |
205. | Зенит | Zenit |
Эстония | ||
206. | Эстика | Estica |
