ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
13-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"киберқауіпсіздік саласында қажетті қосымша ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салып жүгіну;";
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) құқықтық цифрландыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізу;";
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"29) Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес цифрлық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;";
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"33) әділет органдарының киберқауіпсіздікті сақтауын қамтамасыз ету;";
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"35) құқықтық цифрландыруды қамтамасыз ету;";
мынадай мазмұндағы 58-1) тармақшамен толықтырылсын:
"58-1) жеке сот орындаушысының Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын ықтимал бұзуы тұрғысынан атқарушылық іс жүргізуге "Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі" цифрлық жүйе арқылы мониторинг жүргізу;";
79) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"79) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында бөлу тәртібін айқындау;";
103) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"103) құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;";
108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"108) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, географиялық нұсқамаларын, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";
120) тармақша алып тасталсын;
145-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"145-2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін әзірлеу және бекіту;";
148) және 149) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"148) құқықтық кадастрдың цифрлық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімдерін, жылжымайтын мүліктің бастапқы және қайталама объектілеріне кадастрлық нөмір беру тәртібін, сондай-ақ құқықтық кадастрдың цифрлық жүйесіне енгізу үшін міндетті мәліметтер нысанын, жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысанын айқындау;
149) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) цифрлық тіркеу тәртібін айқындау;";
154), 155) және 156) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"154) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйені пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
155) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе тізілімдерін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
156) бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе тізілімдерінің жұмыс істеуі туралы есептілікті ұсыну нысанын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 158-1) тармақшамен толықтырылсын:
"158-1) жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшерін әзірлеу және бекіту;";
161) тармақша алып тасталсын;
162) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"162) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауды және байқау түрінде аттестаттауды өткізудің тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;";
167) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"167) нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және куәландырылатын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысандарын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 176-1) тармақшамен толықтырылсын:
"176-1) тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау мен байқау түрінде аттестаттаудың тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;";
198) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"198) сот сарапшысы біліктілігін беру;";
203) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"203) сот сараптамасы саласында цифрлық ресурстар мен цифрлық жүйелерді жасау және олардың жұмыс істеуін, Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділігін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;";
216) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"216) Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;";
217) тармақша алып тасталсын;
218) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"218) Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;";
219) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 258-1), 258-2) және 258-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"258-1) цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
258-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес жасанды интеллектінің ұлттық платформасының операторына деректерге қолжетімділік беру;
258-3) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес дерекнамаларды қалыптастыру;".
2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он алтыншы, он жетінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз жетінші, отыз сегізінші, қырық үшінші, қырық төртінші, елу екінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
