"Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 7 маусымдағы № 415 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 222 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 7 маусымдағы № 415 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:

      18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Мемлекеттік құпиялар туралы" Заңға сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) қаулымен айқындалған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, Комиссия ұсынымдарынан үзінді көшірмелерді "Мемлекеттік жоспарлау" цифрлық жүйесі арқылы тиісті мәселелер құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік органдарға жібереді.".

      2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады