ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 7 маусымдағы № 415 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:
18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Мемлекеттік құпиялар туралы" Заңға сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) қаулымен айқындалған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, Комиссия ұсынымдарынан үзінді көшірмелерді "Мемлекеттік жоспарлау" цифрлық жүйесі арқылы тиісті мәселелер құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік органдарға жібереді.".
2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |