"Мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясатының теңгерімділігін арттыру жөніндегі 2025 – 2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 765 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 216 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясатының теңгерімділігін арттыру жөніндегі 2025 – 2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 765 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясатының теңгерімділігін арттыру жөніндегі 2025 – 2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірлері 1.1, 1.2, 1.3, 1.4 және 1.5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "

1.1

Республикалық бюджеттің негізгі көрсеткіші (ковенанты) ретінде мұнайға қатысты емес тапшылықтың рөлін бекіте отырып, республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы деңгейін 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 7,3 %-ға, 2026 жылы ЖІӨ-ге қатысты 4,9 %-ға, 2027 жылы ЖІӨ-ге қатысты 3,7 %-ға, 2028 жылы ЖІӨ-ге қатысты 2,7 %-ға дейін төмендету

Үкіметке ақпарат

жыл сайын, 2025 – 2027 жылдардағы желтоқсан

ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша)

1.2

Республикалық бюджет тапшылығының деңгейін 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 2,7 %-ға, 2026 жылы ЖІӨ-ге қатысты 2,5 %-ға, 2027 жылы ЖІӨ-ге қатысты 1,7 %-ға, 2028 жылы ЖІӨ-ге қатысты 0,9 %-ға дейін төмендету

Үкіметке ақпарат

жыл сайын, 2025 – 2027 жылдардағы желтоқсан

ҰЭМ, Қаржымині

1.3

Мемлекеттік борыштың көлемін 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 25,1 %-дан, 2026 жылы ЖІӨ-ге қатысты 25,3 %-дан, 2027 жылы ЖІӨ-ге қатысты 25,5 %-дан, 2028 жылы ЖІӨ-ге қатысты 25,0 %-дан аспайтын мөлшерде сақтау

Үкіметке ақпарат

жыл сайын, 2025 – 2027 жылдардағы желтоқсан

ҰЭМ, Қаржымині

1.4

Үкіметтік борыштың көлемін 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 21,8 %-дан, 2026 жылы ЖІӨ-ге қатысты 21,4 %-дан, 2027 жылы ЖІӨ-ге қатысты 20,8 %-дан, 2028 жылы ЖІӨ-ге қатысты 19,6 %-дан аспайтын деңгейде сақтау

Үкіметке ақпарат

жыл сайын, 2025 – 2027 жылдардағы желтоқсан

ҰЭМ, Қаржымині

1.5

Республикалық бюджеттің кірістерін (трансферттерді есепке алмағанда) 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 10,4 %-ға, 2026 жылы ЖІӨ-ге қатысты 10,5 %-ға, 2027 жылы ЖІӨ-ге қатысты 10,3 %-ға, 2028 жылы ЖІӨ-ге қатысты 10,1 %-ға дейін жеткізу

Үкіметке ақпарат

тоқсан сайын, 2025 – 2027 жылдар

ҰЭМ, Қаржымині

      ".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады