1. "Мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясатының теңгерімділігін арттыру жөніндегі 2025 – 2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 765 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясатының теңгерімділігін арттыру жөніндегі 2025 – 2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірлері 1.1, 1.2, 1.3, 1.4 және 1.5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1.1 | Республикалық бюджеттің негізгі көрсеткіші (ковенанты) ретінде мұнайға қатысты емес тапшылықтың рөлін бекіте отырып, республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы деңгейін 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 7,3 %-ға, 2026 жылы ЖІӨ-ге қатысты 4,9 %-ға, 2027 жылы ЖІӨ-ге қатысты 3,7 %-ға, 2028 жылы ЖІӨ-ге қатысты 2,7 %-ға дейін төмендету | Үкіметке ақпарат | ||
1.2 | Республикалық бюджет тапшылығының деңгейін 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 2,7 %-ға, 2026 жылы ЖІӨ-ге қатысты 2,5 %-ға, 2027 жылы ЖІӨ-ге қатысты 1,7 %-ға, 2028 жылы ЖІӨ-ге қатысты 0,9 %-ға дейін төмендету | Үкіметке ақпарат | ҰЭМ, Қаржымині | |
1.3 | Мемлекеттік борыштың көлемін 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 25,1 %-дан, 2026 жылы ЖІӨ-ге қатысты 25,3 %-дан, 2027 жылы ЖІӨ-ге қатысты 25,5 %-дан, 2028 жылы ЖІӨ-ге қатысты 25,0 %-дан аспайтын мөлшерде сақтау | Үкіметке ақпарат | ҰЭМ, Қаржымині | |
1.4 | Үкіметтік борыштың көлемін 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 21,8 %-дан, 2026 жылы ЖІӨ-ге қатысты 21,4 %-дан, 2027 жылы ЖІӨ-ге қатысты 20,8 %-дан, 2028 жылы ЖІӨ-ге қатысты 19,6 %-дан аспайтын деңгейде сақтау | Үкіметке ақпарат | ҰЭМ, Қаржымині | |
1.5 | Республикалық бюджеттің кірістерін (трансферттерді есепке алмағанда) 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 10,4 %-ға, 2026 жылы ЖІӨ-ге қатысты 10,5 %-ға, 2027 жылы ЖІӨ-ге қатысты 10,3 %-ға, 2028 жылы ЖІӨ-ге қатысты 10,1 %-ға дейін жеткізу | Үкіметке ақпарат | тоқсан сайын, 2025 – 2027 жылдар | ҰЭМ, Қаржымині |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |