Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдарды айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 90 қаулысы

      2024 жылғы 10 қазанда Ашғабатта жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Келісімді іске асыру үшін жауапты, Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар ретінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Түрікменстан Үкіметін қабылданған шешімдер туралы хабардар етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады