2024 жылғы 10 қазанда Ашғабатта жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келісімді іске асыру үшін жауапты, Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар ретінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Түрікменстан Үкіметін қабылданған шешімдер туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |