"Союз-5" ғарыш зымыран кешені мен "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің ұшу сынақтарын жүргізу жөнінде Қазақстан-Ресей мемлекетаралық комиссиясының қазақстандық бөлігін құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 1169 қаулысы

      2025 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Союз-5" ғарыш зымыран кешені мен "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің ұшу сынақтарын жүргізу жөнінде Қазақстан-Ресей мемлекетаралық комиссиясын құру туралы келiсiмді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда "Союз-5" ғарыш зымыран кешені мен "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің ұшу сынақтарын жүргізу жөнінде Қазақстан-Ресей мемлекетаралық комиссиясының қазақстандық бөлігі құрылсын.

      2. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2025 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1169 қаулысына
қосымша

"Союз-5" ғарыш зымыран кешені мен "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің ұшу сынақтарын жүргізу жөнінде Қазақстан-Ресей мемлекетаралық комиссиясының қазақстандық бөлігінің құрамы

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінен

Оралмағамбетов
Баубек Жеткергенұлы

-

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы (бұдан әрі – Қазғарыш), Комиссияның қазақстандық бөлігінің төрағасы

Ыбыраев
Ерден Қайыржанұлы

-

Қазғарыш төрағасының орынбасары, Комиссияның қазақстандық бөлігі төрағасының орынбасары

Досжанов
Азамат Серікұлы

-

Қазғарыштың "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасының басшысы, комиссияның қазақстандық бөлігінің хатшысы

Бекішев
Амангелді
Мылтықбайұлы

-

Қазғарыштың "Байқоңыр" кешенінің жердегі ғарыштық инфрақұрылымы басқармасының басшысы

Досжанов
Самат Серікұлы

-

Қазғарыштың "Байқоңыр" кешенінің жердегі ғарыштық инфрақұрылымы басқармасының бас сарапшысы

Өтеәлиев
Қамал Бегімбайұлы

-

Қазғарыштың "Байқоңыр" кешенінің жердегі ғарыштық инфрақұрылымы басқармасының бас сарапшысы

Әлмаханов
Асылбек Әскербайұлы

-

Қазғарыштың "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасының бас сарапшысы

Рахметов
Сәбит Рахметұлы

-

Қазғарыштың "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасының бас сарапшысы

Өмірбаева
Үлмекен Қайырғалиқызы

-

Қазғарыштың "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасының бас сарапшысы

Айымбетов
Айдын Ақанұлы

-

"Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Цой
Александр Григорьевич

-

"Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамының атқарушы директоры

Ынтымақов
Сырым Аманғалиұлы

-

"Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамының "Байқоңыр" кешеніндегі филиалының директоры

Сүндетов
Алмас Арыстанұлы

-

"Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамының "Байқоңыр" кешеніндегі филиалы жобалық кеңсесінің басшысы

Көптілеуов
Назар Жалғасұлы

-

"Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры

Шахматов
Еркін Насрадинұлы

-

"Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас инженері

Қаруұлы Руслан

-

"Байқоңырбаланс" республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен

Мұханова
Гүлнар Жәнетқызы

-

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры

Сәрсенбаева
Гүлнар Еділқызы

-

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінен

Богдашкин
Фаат Фаритович

-

"Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен

Қазбеков
Дәулет Саянұлы

-

Әскери-ғарыштық бағдарламалар орталығының бастығы

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінен

Мырзагелдиев
Мадияр Айдосұлы

-

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

Досымов
Жандос Ерланұлы

-

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен

Оразалин
Қайрат Серікұлы

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдіктің бастығы
 

Әлиев
Сейілбек Тыныштықбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдік бастығының орынбасары

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінен

Қожықов
Ерболат Селбайұлы

-

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен

Ізбасқанова
Қарлығаш
Мыңсейітқызы

-

Ресей, Кавказ және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының еуропалық елдері департаментінің директоры

Қызылорда облысының әкімдігінен

Шайхысламов
Жан Шайхысламұлы

-

Қызылорда облысы әкімі аппаратының Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады