"Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 1139 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесінде:

      реттік нөмірлері 11, 12 және 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Энергетика қызметі

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

12

Радиациялық қорғау қызметі

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

13

Жанар-жағармай материалдары қызметі

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      ";

      реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17

Байланыс қызметі

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады