Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 1129 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" және "Ұланбел ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі – мекемелер) жалпы ауданы 28,44 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Жамбыл облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін көмірсутек шикізатын өндіру және электр беру желілерін салу үшін "QazaqGaz барлау және өндіру" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) беруді қамтамасыз етсін.

      3. Серіктестік (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және қажет болған жағдайда алынған сүректі көрсетілген мекемелердің балансына беру арқылы алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1129 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы ауданы,
гектар

оның ішінде, гектар:

орман
көмкерген

орман көмкермеген

жайылымдар

шабындықтар

басқа жерлер

1

2

3

4

5

6

7

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" және "Ұланбел ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемелері

28,44

3,3586

21,7477

0,0222

-

3,3115

Барлығы:

28,44

3,3586

21,7477

0,0222

-

3,3115




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады