Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" және "Ұланбел ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі – мекемелер) жалпы ауданы 28,44 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Жамбыл облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін көмірсутек шикізатын өндіру және электр беру желілерін салу үшін "QazaqGaz барлау және өндіру" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) беруді қамтамасыз етсін.
3. Серіктестік (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және қажет болған жағдайда алынған сүректі көрсетілген мекемелердің балансына беру арқылы алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 1129 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы ауданы, | оның ішінде, гектар: | ||||
орман | орман көмкермеген | жайылымдар | шабындықтар | басқа жерлер | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" және "Ұланбел ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемелері | 28,44 | 3,3586 | 21,7477 | 0,0222 | - | 3,3115 |
Барлығы: | 28,44 | 3,3586 | 21,7477 | 0,0222 | - | 3,3115 |