"Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1134 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 1107 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1134 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

10-қадам. "Еңбек жолы" республикалық конкурсының жеңімпаздары мен "Жұмысшы жастар аманаты" жобасының қатысушыларын марапаттай отырып, Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысын шығару.
Концепт: "Еңбек жолы" республикалық конкурсы еңбек адамдары туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру мақсатында өңірлік және республикалық деңгейлерде 3 номинация бойынша өткізіледі:
"Үздік еңбек әулеті";
"Үздік тәлімгер";
"Үздік жас жұмыскер".
"Еңбек жолы" республикалық конкурсының қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімі Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысын шығару шеңберінде өтеді

Мемлекет басшысының қатысуымен Жұмысшы мамандықтары жылының салтанатты жабылуы

2025 жылғы желтоқсан

Еңбекмині, ОМ, ҒЖБМ, ЖИЦДМ, ЭТРМ, ТСМ, СРИМ, ТЖМ, МАМ, ЭМ, КМ, ӨҚМ, ДСМ, АШМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша), республикалық кәсіподақтар бірлестігі (келісу бойынша), республикалық жұмыс берушілер бірлестігі (келісу бойынша), "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ (келісу бойынша), "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (келісу бойынша)

РБ-де көзделген қаражат шеңберінде, бюджеттен тыс қаражат есебінен

      ".

      ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы "ЕБҚ – ерекше білім беру қажеттіліктері" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады