Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1134 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 |
10-қадам. "Еңбек жолы" республикалық конкурсының жеңімпаздары мен "Жұмысшы жастар аманаты" жобасының қатысушыларын марапаттай отырып, Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысын шығару. | Мемлекет басшысының қатысуымен Жұмысшы мамандықтары жылының салтанатты жабылуы | 2025 жылғы желтоқсан | Еңбекмині, ОМ, ҒЖБМ, ЖИЦДМ, ЭТРМ, ТСМ, СРИМ, ТЖМ, МАМ, ЭМ, КМ, ӨҚМ, ДСМ, АШМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша), республикалық кәсіподақтар бірлестігі (келісу бойынша), республикалық жұмыс берушілер бірлестігі (келісу бойынша), "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ (келісу бойынша), "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (келісу бойынша) | РБ-де көзделген қаражат шеңберінде, бюджеттен тыс қаражат есебінен |
".
ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы "ЕБҚ – ерекше білім беру қажеттіліктері" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |