"Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1092 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтық қорғанысты ұйымдастыру бөлігінде азаматтық қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бірыңғай дистрибьютор – қызметін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 247-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган – жұмылдыру тапсырмасын орындайтын орталық атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган;";

      10), 11), 12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) – мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шарт негізінде қалыптастыруды және сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      11) Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік материалдық резерв саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      12) Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру – мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына және сақтау көлемдеріне сәйкес кейіннен мемлекеттік материалдық резервке қайтарылатын белгілі бір шарттарда мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;

      13) Мемлекеттік материалдық резервті жаңарту – мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтарды бір мезгілде немесе уақыт өткен соң сала отырып, мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды оларды сақтаудың белгіленген мерзімдері өткенге дейін шығару;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) мемлекеттік материалдық резервке операциялар жүргізу жоспары – мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жеткізуді, сақтауды және шығаруды, сондай-ақ кәдеге жаратылған тауарларды өткізуді регламенттейтін құжат;";

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар – жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын шарт негізінде сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сақтау пункттері, ведомстволық бағынысты ұйым және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар жыл сайын жұмылдыру резервінің жинақталатын және жаңартылатын материалдық құндылықтары бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 3 (үш) данада мәлімет (бұдан әрі – мәлімет) жасайды, оның бір данасы сақтау пунктінде қалады, екінші данасы жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органға, үшінші дана ведомствоға 10 қаңтардан кешіктірмей ұсынылады.

      Ұсынылған мәліметтер негізінде ведомство немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган жыл сайын 15 ақпаннан кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу жоспарын бекітеді.

      Сақтау пункттері, ведомстволық бағынысты ұйым және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар ай сайын уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы мен қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну тәртібіне сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы мен қозғалысы туралы есеп тапсырады.

      Жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган уәкілетті органға тиісті саланың жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының бар-жоғы мен қозғалысы туралы есеп тапсырады.

      Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы мен қозғалысы туралы ұсынылған есептер негізінде ведомство мен жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган жыл сайын 30 қаңтардан кешіктірмей осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу жоспарын бекітеді.

      4. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар жеткізілген, сақталған және шығарылған жағдайларда осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген операциялар жүргізу жоспарларына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Уәкілетті орган жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органдардың жұмылдыру резервін (бұдан әрі – материалдық резерв) қоспағанда, материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервке жеткізуге тапсырыс беруші болады.

      Жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган жұмылдыру резервіне материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырыс беруші болады.";

      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Сақтау пункттері мен жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар жыл сайын 10 қаңтарға дейінгі мерзімде ведомствоға немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органға келісуге:";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды әрбір жеткізу (тиеп-жөнелту) уәкілетті тұлғалар қол қойған және сақтау пунктінің, ведомстволық бағынысты ұйымның немесе жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымның мөрі (бар болса) басылған шартпен және қабылдау актісімен расталады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Уәкілетті орган және жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган мемлекеттік материалдық резервке жеткізілетін және онда сақтаудағы материалдық құндылықтардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерттеу (сынақ) жүргізуді ұйымдастырады.";

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Ведомство, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган сақтау және (немесе) түгендеу жүргізу кезеңінде материалдық құндылықтарды сақтау шарттарының бұзылғанын анықтаған;";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары сақтау пункттерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарда және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда шарт негізінде сақталады.

      24. Сақтау пункттері, ведомстволық бағынысты ұйымдар және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік материалдық резервтің сақтауға берілген материалдық құндылықтарының сапа және сан жағынан сақталуына жауапты болады.

      Белгіленген жұмылдыру тапсырысы алынған ұйым мемлекеттік материалдық резервтің сақтауға берілген материалдық құндылықтары заңнамада белгіленген тәртіппен толық шығарылғанға дейін олардың сапа және сан жағынан сақталуына жауапты болады.";

      27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Ведомство, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган өзінің интернет-ресурсында сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғаларды іріктеу жүргізілетіні туралы хабарландыру орналастырады.

      Заңды тұлғалар сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғаларды іріктеу жүргізілетіні туралы хабарландыру интернет-ресурста орналастырылғаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімде заңды тұлғаның осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігін растайтын мәліметтерді ұсынады.

      Осы тармақта көзделген құжаттар ведомствоға, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органға қағаз түрінде немесе сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғаларды іріктеу жүргізілетіні туралы хабарландыруда көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі.

      28. Сақтау пункттерінің тізбесіне енгізу үшін заңды тұлғаларды іріктеу мақсатында ведомство, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен комиссия құрылады.

      Комиссия құрамына:

      1) ведомствоның, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға (комиссия төрағасы);

      2) ведомство, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға;

      3) жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымының, құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе орынбасары (бар болса);

      4) ведомстволық бағынысты ұйымның жұмыскерлері, ведомствоның, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары немесе жұмыскерлері кіреді.

      29. Комиссия заңды тұлғалардың қойма үй-жайларының немесе резервуарларының осы Қағидалардың 26-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін фототіркеуді қолдана отырып қарап-тексереді және осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген құжаттарды қарайды.

      Қарап-тексеру қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама жасалады.

      Ведомствоның немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның хаттамасы негізінде уәкілетті орган немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша сақтау пункттерінің тізбесін бекітеді.";

      31-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтау пункттері мен жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар өздерінің бейіні өзгерген, қайта ұйымдастырылған, жекешелендірілген не таратылған жағдайларда көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органды немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органды хабардар етеді.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Материалдық құндылықтарды сақтау шығыстарының сомасы сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік материалдық резервтің сақтауда тұрған материалдық құндылықтарының нақты көлемін ескеріп және шығындарды растайтын құжаттармен қоса осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жыл сайын ұсынатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарды сақтау шығындарының есеп-қисаптары негізінде есептеледі.

      Шығындардың есеп-қисабы уәкілетті орган, жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын мемлекеттік орган бекіткен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну тәртібіне сәйкес жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде есеппен бірге ұсынылады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Сақтау пункттерінен, ведомстволық бағынысты ұйымнан және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдардан материалдық құндылықтарды шығару наряд негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге наряд беру нысаны мен тәртібін уәкілетті орган бекітеді.";

      42, 43, 44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Уәкілетті орган және жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган Операция жүргізу жоспарына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жаңарту тәртібімен шығару туралы шешім қабылдайды.

      43. Сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жаңартуды шарт негізінде жүзеге асырады, кейіннен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервке салады.

      Жаңарту графигі сақтау шартында айқындалады.

      44. Сақтау пункті мен жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйым жаңарту мақсатында шығаратын материалдық құндылықтардың жалпы көлемі сақтауға берілген материалдық құндылықтардың нақты қолда барынан елу пайызынан аспауға тиіс.

      Жаңарту шеңберінде жеткізілетін материалдық құндылықтар сақтау шартының және осы Қағидалардың 11-тармағының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      Бұл ретте жеткізілетін материалдық құндылықтар, оның ішінде жаңартылатын құндылықтар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерттеледі (сыналады).

      45. Жаңарту кезінде сақтау пункті және жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйым материалдық құндылықтарды бұрын шығарылған материалдық құндылықтардың көлеміне сәйкес салады.";

      47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға пайдалану үшін сақтау пункті немесе жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйым ведомствоға, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органға шығару ұсынылған материалдық құндылықтардың атауы, саны, өлшем бірлігі, сомасы, кейіннен салудың болжамды мерзімі туралы мәліметтерді қамтитын өтінім береді.

      Өтінімге мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың көшірмесі қоса беріледі.

      48. Ведомство, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган өтінім түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны қарайды және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін шығаруға келіседі немесе келісуден бас тартады.

      Келісуден бас тартылған жағдайда мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін шығаруға жол берілмейді.

      Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін шығарудан:

      1) осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың көшірмелері толық көлемде ұсынылмаған;

      2) өтінім осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) өшіріп тазартылған не қосып жазылған, сызылған сөздер және өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен толтырылған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулері бар құжаттар болған;

      4) материалдық құндылықтарды "Азаматтық қорғау туралы" Заңға сәйкес пайдалану қажет болған жағдайларда бас тартылады.

      Өтінім келісілген жағдайда ведомство, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін шығаруды сақтау пунктімен немесе жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйыммен шарт жасасу арқылы жүзеге асырады.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру тәртібімен шығару уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қарызға беру тәртібімен шығару жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органың шешімі бойынша мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығару кезінде ведомство, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган алушымен тиісті шарт (келісімшарт) жасасады.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді.

      Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган азық-түлік тауарларының, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді.

      Нарыққа реттеушілік ықпал ету орынды болатын баға деңгейіне қол жеткізген жағдайда көрсетілген мемлекеттік органдар уәкілетті органмен, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органмен келісім бойынша сауда қызметінің субъектілері – алушыларды, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемін, бағасы мен сауда үстемесінің мөлшерін көрсетіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажеттілігі туралы ұсыныс енгізеді.";

      64, 65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Уәкiлеттi орган, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде сауда қызметiнiң субъектiлерiмен шарт жасасу арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін шығарудан алынған ақша бюджет кірісіне аударылады.

      Мемлекеттiк материалдық резервтен нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін шығарылған материалдық құндылықтарды сатуды сауда қызметiнiң субъектiлерi бөлшек сауда арқылы жүзеге асырады.

      65. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату және жою Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      66. Мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы өзгерген кезде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару тәртібімен шығаруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қоспағанда, жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы шешімдерінің негізінде уәкілетті орган, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган жүзеге асырады.

      Жұмылдыру резервінің номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын шығаруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерінің негізінде бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.";

      77, 78, 79, 80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Мемлекеттік материалдық резервтің жаңартылатын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымның теңгеріміне беру мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша алушы мемлекеттік органдармен және уәкілетті органмен келісу бойынша өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

      78. Ведомство, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган басқа мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымның теңгеріміне беру үшін жаңартылатын материалдық құндылықтардың және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) өзінің интернет-ресурсына орналастырады және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына материалдық құндылықтардың өтеусіз берілетіні туралы ақпарат жібереді.

      79. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары тізбе ведомствоның, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оны қарастырады және ведомствоға, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органға жаңартылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды қабылдау туралы өтінім береді, онда материалдық құндылықтардың атауы, саны, өлшем бірлігі, болжанған қабылдау күні туралы мәліметтер қамтылады.

      80. Ведомство, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган өтінім түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік органдардың өтінімдерін қарайды және келіседі не себептерін көрсетіп, келісуден бас тартады.

      Ведомство, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган мемлекеттік материалдық резервтің жаңартылатын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды алатын мемлекеттік органдардың өтінімдерін келіскен жағдайда тиісті шешім қабылдау үшін өтінімдерді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Көлік шығыстары, оның ішінде материалдық құндылықтарды тиеу-түсіруге байланысты шығыстар алушы мемлекеттік органның есебінен жүзеге асырылады.

      81. Мемлекеттік мүлік саласындағы уәкілетті орган жаңартылылатын тиіс мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды беру туралы шешім қабылдағаннан кейін ведомство, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру тәртібіне және нысанына сәйкес материалдық құндылықтарды шығару туралы наряд береді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3 және 5-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2025 жылғы 17 желтоқсандағы
№ 1092 қаулысына
1-қосымша
Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
________________
(құпиялылық белгісі)
№ дана
М.О. (бар болса)
Бекітемін
Сақтау пунктінің, ведомстволық
бағынысты ұйымның немесе
жұмылдыру тапсырысы
белгіленген ұйымның басшысы
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), қолы)
20 жылғы " "

_____ жылдарға арналған жинақталатын және жаңартылатын материалдық құндылықтар бойынша мәліметтер

Р/с№

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Жинақтау көлемі

Салынған жылы

Жинақталды

Жаңартылады

Сақтау мерзімінің өту күні

Қажетті жеткізу көлемі номенклатураға сәйкес 100 %

Салынады

Ескертпе

саны

сомасы

саны

сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      Бас бухгалтер _______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Арнайы бөлім бастығы немесе жұмылдыру жұмыскері/материалдық құндылықтардың

      сақталуына жауапты тұлға

      _____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2025 жылғы 17 желтоқсандағы
№ 1092 қаулысына
2-қосымша
Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  __________________
  (құпиялылық белгісі)
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Мемлекеттік материалдық
резервтер комитеті төрағасының
20___ жылғы "___" ____
№__бұйрығымен бекітілген

20 ___ жылға арналған жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу жоспары

Р/с№

Материалдық құндылықтардың атауы

Номенклатураға сәйкес материалдық құндылықтардың көлемі

Материалдық құндылықтардың нақты бар-жоғы

Салынған жылы

Сақтау мерзімінің өту күні

Жаңарту тәртібімен шығару

Уақыт үзілісі

Мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес жеткізу

Жылдың басына

саны

өлшем бірлігі

саны

өлшем бірлігі

саны

сомасы



өлшем бірлігі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

      Жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның

      атауы_______________________________________________________________

      Сақтау пунктінің немесе жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдардың атауы

      _____________________________________________________________

      Кестенің жалғасы

Жыл соңына күтілетін материалдық құндылықтардың бар-жоғы

Номенклатураға сәйкес жинақтау көлемінің 100 %-ға дейін жетіспеуі

Номенклатура өзгерген жағдайда броньнан шығару тәртібімен шығару

Кәдеге жаратылған тауарларды өткізу

саны

өлшем бірлігі

саны мен өлшем бірлігі

%

саны

өлшем бірлігі

кәдеге жаратылған тауарлардың атауы

саны мен өлшем бірлігі

13

14

15

16

17

18

19

20


      Жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік органның атауы

      _______________________________________________________________

      Сақтау пунктінің немесе жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымның атауы

      _______________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2025 жылғы 17 желтоқсандағы
№ 1092 қаулысына
3-қосымша
Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  __________________
  (құпиялылық белгісі)
Ведомствоның немесе
жұмылдыру тапсырмасын
орындайтын мемлекеттік
органның
20___ жылғы "___" ___
№__бұйрығымен бекітілген

20 ___ жылға арналған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу жоспары

Р/с №

Материалдық құндылықтардың атауы

Сақтау филиалы немесе сақтау пункттері не жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар

Өлшем бірлігі

Жыл басында
материалдық құндылықтардың бар-жоғы

Жылына ______ операция жүргізу

Жыл соңына күтілетін материалдық құндылықтардың бар-жоғы

Кәдеге жаратылған тауарларды өткізу

Жаңарту тәртібімен шығару

Броньнан шығару тәртібімен шығару

Мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес жеткізу

Кәдеге жаратылған тауарлардың атауы

Саны мен өлшем бірлігі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      ___________________________________

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2025 жылғы 17 желтоқсандағы
№ 1092 қаулысына
4-қосымша
Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
5-қосымша

      ______________________________ жөнелтіледі

      (алушының атауы және мекенжайы)

      Сақтау пункті __________________________________________________ (атауы)

      Ведомство, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын мемлекеттік орган

      _________________________________________________________________

      Сақтау пунктінің, жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымның мекенжайы

      _________________________________________________________

________________ жылдарға арналған материалдық құндылықтарды сақтау шығындарының есеп-қисабы

Р/с №

Шығындардың атауы

Шығыстардың есеп-қисабы

Шығыстардың бірлігі

Саны

Шығыстардың сомасы

Негіздеме

Растайтын құжаттар

1

2

3

4

5

6

7

1.

Жалақы

адам




жалақы бойынша жиынтық есеп ведомосі

2.

Әлеуметтік салық

адам




жалақы бойынша жиынтық есеп ведомосі

3.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау мәселелері бойынша іссапарлар

адам




бұйрық, аванстық есеп

4.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жүзеге асырылатын алаңдар мен үй-жайларда коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу

шаршы метр




шарт, шот фактура, төлем тапсырмасы (жекелеген өлшеу аспаптары болмаған жағдайда шығыстар мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауға арналған нақты алаңға сүйене отырып есептеледі)

1

2

3

4

5

6

7

5.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жүзеге асырылатын үй-жайларды күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу

шаршы метр




шарт, орындалған жұмыстар актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

6.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын тасымалдау кезіндегі көлік шығыстарына ақы төлеу

көрсетілетін қызмет




шарт, көрсетілген қызметтер актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

7.

Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарының саны және сапасы жағынан сақталуын қамтамасыз етуге қажетті өзге де тауарларды сатып алу

тауар




шарт, қабылдау-тапсыру актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

8.

Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарының саны және сапасы жағынан сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де ағымдағы шығыстар

көрсетілетін қызмет




шарт, орындалған жұмыстар актісі/ көрсетілген қызметтер актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы (шығыстар мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауға арналған нақты алаңға сүйене отырып есептеледі)


Шығындардың жиыны:






      Мөр орны (бар болса)

      Сақтау пунктінің басшысы ___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Орындаушының телефоны

      Арнайы бөлімнің бастығы немесе жұмылдыру жұмыскері/материалдық

      құндылықтарға жауапты тұлға

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады