ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 537-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін, бірақ ерте дегенде 2026 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1049 қаулысымен бекітілген |
Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері
Р/с № | 1 тоннаға арналған акциздер мөлшерлемелері (теңгемен) | |||
бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
дизель отыны (ЕАЭО СЭҚ ТН коды | газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутектер қоспасы және экологиялық отын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12 900 9, 2906 21 000 0, 2710 12 250 9, 2710 12 900 8, 2710 12) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізуі | 38 134 | 35 726 | 38 134 |
2. | Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізуі | 0 | 0 | 0 |
3. | Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы | 38 634 | 35 786 | 38 634 |
4. | Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы | 500 | 60 | 500 |
5. | Импорт | 38 134 | 35 726 | 38 134 |
6. | Салық кодексінің 536-бабы 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген тауарларды беру | 38 134 | 35 726 | 38 134 |
7. | Cалық кодексінің 536-бабы 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды Салық кодексінің 545-бабында көзделген растайтын құжаттарды ұсына отырып, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізген жағдайда көрсетілген тауарларды беру | 0 | 0 | 0 |
8. | Бензанол өндірушілердің акциз төленген бензин мен отандық өндірістің биоэтанолын компаундирлеу арқылы өндірілген бензанолды көтерме саудада өткізуі | 0 | 0 | 3 000 |
1. Көрсетілген тауарларды кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізу жағдайларын қоспағанда, өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды тоннасын 214 584 теңгеден жоғары бағамен көтерме саудада өткізуі, оларды импорттауы, сондай-ақ алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын көрсетілген акцизделетін тауарларды беруі кезінде акциздің сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Аб = 38 134 + (Бортө-214 584/1,12) * 50%, мұндағы:
Аб – акциздің мөлшерлемесі, тоннасына теңге;
Бортө – қосылған құн салығын есепке алмағанда мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу нарығындағы негізгі қуат иелерінің орташа өлшенген көтерме бағасы, оны мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі салаларында мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган нақты бағалар мен жеткізу кезеңінің алдындағы айдағы мұнай өнімдерін жеткізудің жоспарлы көлемдеріне сүйене отырып, есепті айдың алдындағы айдың 1-іне дейін мұнай өнімдері мен биоотын айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады және ол мынадай формула бойынша есептелген:
Б1амөз*V1амөз+Б1пмхз*V1пмхз+Б1пқоп*V1пқоп+ Б2амөз*V2амөз+Б2пмхз*V2пмхз+Б2пқоп*V2пқоп Бортө=------------------------------------------------------------------------------------, мұндағы: V1амөз+V1пмхз+ V1пқоп+V2амөз+V2пмхз+V2пқоп
Б – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ және "KC Energy Group" ЖШС-ның "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС (АМӨЗ), "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ға (ПМХЗ), "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-ға (ПҚОП) көтерме бағасы;
V – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-ның және "KC Energy Group" ЖШС-ның "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға (АМӨЗ), "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ға (ПМХЗ), "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-ға (ПҚОП) көлемі.
2. Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды тоннасын 214 584 теңгеден жоғары бағамен бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы кезінде акциздің сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Аб = 38 634 + (Бортө-214 584/1,12) * 50%, мұндағы:
Аб – бензинді көтерме саудада өткізуге арналған акциздер мөлшерлемесі, тоннасына теңге;
Бортө – қосылған құн салығын есепке алмағанда мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу нарығындағы негізгі қуат иелерінің орташа өлшенген көтерме бағасы, оны мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі салаларында мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган нақты бағалар мен жеткізу кезеңінің алдындағы айдағы мұнай өнімдерін жеткізудің жоспарлы көлемдеріне сүйене отырып, есепті айдың алдындағы айдың 1-іне дейін мұнай өнімдері мен биоотын айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады және ол мынадай формула бойынша есептелген:
Ц1амөз*V1амөз+Ц1пмхз*V1пмхз+Ц1пқоп*V1пқоп+ Ц2амөз*V2амөз+Ц2пмхз*V2пмхз+Ц2пқоп*V2пқоп Бортө=----------------------------------------------------------------------------------------, мұндағы: V1амөз+V1пмхз+ V1пқоп+V2амөз+V2пмхз+V2пқоп
Б – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-ның және "KC Energy Group" ЖШС-ның "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға (АМӨЗ), "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ға (ПМХЗ), "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-ға (ПҚОП) көтерме бағасы;
V – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-ның және "KC Energy Group" ЖШС-ның "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға (АМӨЗ), "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ға (ПМХЗ), "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-ға (ПҚОП) көлемі.
3. Көрсетілген тауарды кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізу жағдайларын қоспағанда, өздері өндірген дизель отынын тоннасын 284 350 теңгеден жоғары бағамен көтерме саудада өткізу, оны импорттау, сондай-ақ алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын көрсетілген акцизделетін тауарды беру кезінде акциздің сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Аб = 35 726 + (Бортө-284 350/1,12) * 50%, мұндағы:
Аб – дизель отынын көтерме саудада өткізуге арналған акциздердің мөлшерлемесі, тоннасына теңге;
Бортө – жеткізу құнын және қосылған құн салығын есепке алмағанда мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу нарығындағы негізгі қуат иелерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын өткізу бағасы ескерілген орташа өлшенген көтерме бағасы, оны мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі салаларында мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган нақты бағалар мен жеткізу кезеңінің алдындағы айдағы мұнай өнімдерін жеткізудің жоспарлы көлемдеріне сүйене отырып, есепті айдың алдындағы айдың 1-іне дейін мұнай өнімдері мен биоотын айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады және дизель отынына ол мынадай формула бойынша есептелген:
Ц1амөз*V1амөз+Ц1пмхз*V1пмхз+Ц1пқоп*V1пқоп+ Ц2амөз*V2амөз+Ц2пмхз*V2пмхз+Ц2пқоп*V2пқоп Бортө=------------------------------------------------------------------------------------, мұндағы: V1амөз+V1пмхз+ V1пқоп+V2амөз+V2пмхз+V2пқоп
Б – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ескергенде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-ның және "KC energy group" ЖШС-ның "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға (АМӨЗ), "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ға (ПМХЗ), "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-ға (ПҚОП) көтерме бағасы;
V – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ескергенде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-ның және "KC energy group" ЖШС-ның "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға (АМӨЗ), "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ға (ПМХЗ), "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-ға (ПҚОП) көлемі.
4. Өндірушілердің дизель отынын тоннасын 284 350 теңгеден жоғары бағамен бөлшек саудада өткізуі, сондай-ақ өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы кезінде акциздің сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:
Аб = 35 786 + (Бортө-284 350/1,12) * 50%, мұндағы:
Аб – дизель отынын көтерме сауда өткізуге арналған акциздердің мөлшерлемесі, тоннасына теңге;
Бортө – жеткізу құнын және қосылған құн салығын есепке алмағанда мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу нарығындағы негізгі қуат иелерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын өткізу бағасы ескерілген орташа өлшенген көтерме бағасы, оны мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі салаларында мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган нақты бағалар мен жеткізу кезеңінің алдындағы айдағы мұнай өнімдерін жеткізудің жоспарлы көлемдеріне сүйене отырып, есепті айдың алдындағы айдың 1-іне дейін мұнай өнімдері мен биоотын айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады және дизель отынына ол мынадай формула бойынша есептелген:
Ц1амөз*V1амөз+Ц1пмхз*V1пмхз+Ц1пқоп*V1пқоп+
Ц2амөз*V2амөз+Ц2пмхз*V2пмхз+Ц2пқоп*V2пқоп Бортө=---------------------------------------------------------------------------------------, мұндағы: V1амөз+V1пмхз+ V1пкоп+V2амөз+V2пмхз+V2пқоп
Б – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ескергенде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-ның және "KC energy group" ЖШС-ның "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға (АМӨЗ), "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ға (ПМХЗ), "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-ға (ПҚОП) көтерме бағасы;
V – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ескергенде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-ның және "KC energy group" ЖШС-ның "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға (АМӨЗ), "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ға (ПМХЗ), "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-ға (ПҚОП) көлемі.
Ескертпе:
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда литрді тоннаға ауыстыру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Vx0,730 М=------------, мұндағы: 1000
М – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) көлемі, тоннамен;
V – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) көлемі, литрмен;
0,730 – бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрі үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда литрді тоннаға ауыстыру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Vx0,769 M=--------------, мұндағы: 1000
М – өткізілген дизель отынының көлемі, тоннамен;
V – өткізілген дизель отынының көлемі, литрмен;
0,769 – дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын, экологиялық отынды бөлшек саудада өткізген кезде салық салу мақсатында көлемнің өлшем бірлігі тонна болып табылады.
Тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1049 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысы.
2. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 793 қаулысы.
3. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 331 қаулысы.
4. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 928 қаулысы.
5. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 220 қаулысы.
6. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 841 қаулысы.
7. "Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулар қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 155 қаулысы.
8. "Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулар қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 786 қаулысы.
9. "Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 қарашадағы № 959 қаулысы.
10. "Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 280 қаулысы.
