"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 қарашадағы № 1025 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда одан алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджетке жіберіледі.";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "28-1) мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекітеді;";

      45) тармақша алып тасталсын;

      133) тармақша алып тасталсын;

      141) және 142) тармақшалар алып тасталсын.

      2. Осы қаулы:

      1) 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылатын осы қаулының 1-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын;

      2) 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының оныншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады