"Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 900 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 81-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "81-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғат қорғау және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық су ағызу көлемiн бекітеді;";

      101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "101) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 101-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "101-1) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 206-1), 206-2) және 206-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "206-1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша халыққа қатер төндіретін гидротехникалық құрылысжайлардың тізбесін айқындайды;"

      206-2) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 40-бабына сәйкес жүзеге асырылатын мониторинг нәтижелерін жариялауды қамтамасыз етеді;

      206-3) мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістің бөлігін бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;".

      2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады