ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 81-1) тармақшамен толықтырылсын:
"81-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғат қорғау және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық су ағызу көлемiн бекітеді;";
101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"101) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 101-1) тармақшамен толықтырылсын:
"101-1) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 206-1), 206-2) және 206-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"206-1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша халыққа қатер төндіретін гидротехникалық құрылысжайлардың тізбесін айқындайды;"
206-2) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 40-бабына сәйкес жүзеге асырылатын мониторинг нәтижелерін жариялауды қамтамасыз етеді;
206-3) мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістің бөлігін бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;".
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |