"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 865 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      13-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының және сақталуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалап отыру тетігін іске асыруды үйлестіру;";

      мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу;

      13) салық органының ақпараттандыру объектілерін қалыптастыру, олардың дамуын және салық төлеушілер үшін электрондық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.";

      14-тармақта:

      1) тармақша мынадай мазмұндағы он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес қабылданатын шешімдерді салық органының ақпараттық жүйесінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыру;

      салықтық әкімшілендіру кезінде салық органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралын қолдану;

      салық мәдениетін арттыруға және салық тәртібін күшейтуге бағытталған іс-шараларды жүргізу;

      салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемелерді орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені уақтылы орындауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;";

      15‑тармақта:

      мынадай мазмұндағы 123-9) және 123-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "123-9) қаржы басқарушысына сыйақы төлеу қағидаларын бекіту;

      123-10) банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпараттың нысандарын, сондай-ақ оны ұсыну қағидалары мен мерзімдерін белгілеу;";

      163‑1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "163‑1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарламаның нысанын әзірлеу және бекіту;";

      206) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "206) толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұны мен қорғау элементтерін белгілеу;";

      207) тармақша алып тасталсын;

      208) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "208) есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің акцизді төлеу туралы және (немесе) импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну тәртібін, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібін және оны қамтамасыз ету мөлшерін белгілеу;";

      326) және 327) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "326) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      327) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын әзірлеу және бекіту;";

      333) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "333) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша банктік ұйымдардың банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну нысандарын белгілеу;";

      335) және 336) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "335) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ ресімдеу нысандарын, тәртібін және олардың құжат айналымын айқындау;

      336) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы және төлем ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, орталық депозитарийдің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандардың, қызметін "өмірді сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің салық органына ұсынатын мәліметтердің нысандарын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;";

      354) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "354) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу тәртібін айқындау;";

      357‑1), 358) және 359) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "357‑1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

      358) ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылар тізбесін әзірлеу және бекіту;

      359) деңгейлес мониторингті жүргізу тәртібін айқындау;";

      360) тармақша алып тасталсын;

      362) тармақша алып тасталсын;

      363) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "363) стандартты файлға қойылатын талаптарды, оны жасау және ұсыну тәртібін белгілеу;";

      368) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "368) бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптардың тізбесін белгілеу;";

      369) тармақша алып тасталсын;

      374) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "374) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша фискалдық деректер операторын тізбеге енгізу және тізбеден шығару тәртібін, сондай-ақ фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптарын және фискалдық деректер операторларының тізбесін белгілеу;";

      401) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "401) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша үш құрауышты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану тәртібін белгілеу;";

      405) тармақша алып тасталсын;

      453) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 515-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "515-1) GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) әкелу, тіркеу, өткізу және қолдану қағидаларын келісу;";

      541) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "541) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша банктік және төлем ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, бір тоқсандағы төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы мәліметтерді салық органына ұсыну тәртібін, мерзімдерін және нысанын белгілеу;";

      758-60) тармақша алып тасталсын;

      758‑64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "758‑64) цифрлық активтер биржаларының, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтердің нысанын және оларды салық органына ұсыну тәртібін белгілеу;";

      758‑84) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "758-84) букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың салық органына ұсынатын мәліметтердің тізбесі мен нысанын белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 758‑90) және 758-91) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "758-90) мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары тізілімінің нысанын, оны жасау және ұсыну тәртібін белгілеу;

      758-91) өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтердің нысанын белгілеу;";

      760) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "760) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 904-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "904-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін келісу;";

      946) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "946) бағалардың ең төмен деңгейі қолданылатын жекелеген тауар түрлерінің тізбесін, сондай-ақ бағалардың ең төмен деңгейін айқындау тәртібін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 947), 948), 949), 950), 951), 952), 953), 954), 955), 956), 957), 958), 959), 960), 961), 962), 963), 964), 965), 966), 967), 968), 969), 970), 971), 972), 973), 974), 975), 976), 977), 978), 979), 980), 981), 982), 983), 984), 985), 986), 987), 988), 989), 990), 991), 992), 993), 994), 995), 996), 997), 998), 999), 1000), 1001), 1002), 1003), 1004), 1005), 1006), 1007), 1008) және 1009) тармақшалармен толықтырылсын:

      "947) салық төлеушілердің (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарының қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындау тәртібін, қызметін тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың оңайлатылған тәртібін, сондай-ақ салық төлеушілерді салық төлеушілердің жекелеген санаттарына жатқызу шарттарын айқындау;

      948) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін мемлекеттік баж және алым сомасын бюджетке төлеу бойынша қатаң есептілік бланкілерінің нысандарын белгілеу;

      949) салықтық берешектің шекті мөлшері айқындау;

      950) салық төлеушінің паспортындағы мәліметтердің тізбесін, оны қалыптастыру және интернет-ресурста орналастыру тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;

      951) салық органының сервистік тобы туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;

      952) қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қоюды жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      953) интернет-алаң иелерінің Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы мәліметтерді салық органына ұсыну нысанын және тәртібін белгілеу;

      954) салық органы шешімдерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;

      955) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны туралы хабарламаның және мәліметтердің нысандарын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ дерекқорды қалыптастыру тәртібін белгілеу;

      956) салықтық тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру тәртібін айқындау;

      957) салық төлеушілерді салықтық тіркеу тәртібін айқындау;

      958) дипломатиялық өкілдіктің жиынтық ведомосының нысанын белгілеу;

      959) кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) беру тәртібі мен шарттарын айқындау;

      960) электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін автоматтандырылған бақылау жүргізілетін салық төлеушілердің санатын әзірлеу және бекіту;

      961) электрондық шот-фактуралардың жазып беру үшін автоматтандырылған бақылау операторын айқындау;

      962) электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін автоматтандырылған бақылауды жүргізу қағидаларын белгілеу;

      963) деңгейлес мониторингке кіру үшін салық төлеушінің деректер сөресін ұйымдастыру жөніндегі ең төменгі талаптарды әзірлеу және бекіту;

      964) салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсетуге, сондай-ақ олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің және салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысына қойылатын ең төменгі талаптарды әзірлеу және бекіту;

      965) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі жөніндегі ақпарат пен есептерге қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      966) деңгейлес мониторингке қатысу туралы өтінішті беру және қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      967) деңгейлес мониторингке байланысты мәселелерді қарау жөніндегі консультативтік кеңестің құрамын және оның қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      968) салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізу тәртібін айқындау;

      969) пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін бекіту;

      970) тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсаттарында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету тәртібін белгілеу;

      971) тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысанын, оны салық органдарына ұсыну тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

      972) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу шарттарын, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттеменің нысанын, оны ұсыну және орындау тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;

      973) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды жөндеу бойынша, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;

      974) көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін айқындау;

      975) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон көшірмесінің) нысанын және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп белгілеу;

      976) өткізілетін акциялардың құнына немесе өткізу күніндегі қатысу үлесіне пайыздық арақатынастағы мүліктің үлесін, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) резидент-заңды тұлғаның, оның ішінде эмитент заңды тұлғаның активтері құнындағы мүлкінің үлесін анықтау тәртібін, Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістерден салықты есепке жазу тәртібі мен мерзімдерін айқындау;

      977) екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын кірісті айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп әзірлеу және бекіту;

      978) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту тәртібі мен мерзімдерін айқындау;

      979) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер төлеу тәртібін айқындау;

      980) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің нысанын белгілеу;

      981) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін салық органының мәжбүрлеп өндіріп алу тәртібін айқындау;

      982) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы салық органына ұсынатын жеке тұлғалар туралы мәліметтердің нысанын белгілеу;

      983) салықтық тексеруді жүргізудің ерекше тәртібін арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп айқындау;

      984) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексерілетін салық төлеушіге қатысты оның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындының нысанын әзірлеу, оны ұсыну тәртібін мен мерзімін және бекіту;

      985) салық органының салықтық тексеруді жүргізу туралы шешімін қабылдау тәртібі мен негізін, сондай-ақ салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің тұрған жері бойынша салық органының хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізуі туралы шешім шығару тәртібін айқындау;

      986) қарсы салықтық тексеру тағайындау тәртібін айқындау;

      987) резиденттікті растау тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;

      988) қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының, краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтер нысанын және оларды ұсыну тәртібін белгілеу;

      989) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтердің нысандарын және осындай мәліметтерді ұсыну тәртібін белгілеу;

      990) автомобиль көлік құралдарын тоқтатқан кезде кеден органдары лауазымды адамдарының іс-қимыл жасау тәртібін кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;

      991) кеден органдарында ұтқыр топтарды құру, олардың қызметі, жарақтандырылуы, оның ішінде көлік құралдарымен жарақтандырылуы тәртібін әзірлеу және бекіту;

      992) көлік құралын тоқтату туралы талаптың, автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талаптың, сондай-ақ автомобиль көлік құралын тоқтату туралы актінің нысандарын оны толтыру тәртібін әзірлеу және бекіту;

      993) кеден органдарының лауазымды адамдарының сүйемелдеуімен автомобиль көлік құралын басқаратын адам жүзеге асыратын автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізу және ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды сақтау орнына тасу (тасымалдау) тәртібін айқындау;

      994) көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін интернет-платформа операторларының интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтерді салық органдарына ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындау;

      995) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемдерi жөнiнде ұсыныстар енгізу;

      996) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлау, ұйымдастыру және оған басшылық ету, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүргізу;

      997) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөнiндегi іс-шараларды жүргiзу;

      998) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру;

      999) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

      1000) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету;

      1001) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiндегi іс-шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      1002) Министрлікке бекітіп берілген салаларда жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және (немесе) бекіту;

      1003) жұмылдыру жоспарларын әзірлеу, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу және бекіту;

      1004) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

      1005) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;

      1006) салықтардың, төлемақылардың және (немесе) өсімпұлдың төленуін қамтамасыз ету үшін мүлікті кепілге қоюдың үлгілік шартын бекіту;

      1007) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау тәртібін айқындау;

      1008) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы банк ұйымдарының салық органына ұсынатын мәліметтердің нысанын белгілеу;

      1009) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.".

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы:

      1) қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, бір жүз он сегізінші, бір жүз он тоғызыншы, бір жүз жиырмасыншы, бір жүз жиырма бірінші, бір жүз жиырма екінші, бір жүз жиырма үшінші, бір жүз жиырма төртінші, бір жүз жиырма бесінші, бір жүз жиырма алтыншы, бір жүз жиырма жетінші, бір жүз жиырма сегізінші, бір жүз жиырма тоғызыншы, бір жүз отызыншы, бір жүз отыз бірінші, бір жүз отыз екінші және бір жүз отыз үшінші абзацтарын;

      2) қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын осы қаулының 1-тармағының бір жүз жиырма екінші абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады