Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 821 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қарағанды орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 73,9093 гектар жер учаскелері ауылдық елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.

      2. Қарағанды облысының әкімі ауылдық елді мекен шекараларының (шегінің) өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімдігіне берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін, екпелер кесілген жағдайда алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 3 қазандағы
№ 821 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан ауылдық елді мекендер жерлері санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы ауданы,
гектар

оның ішінде, гектар:

орман
көмкерген

орман көмкермеген

алқаптар

шабындықтар

жайылымдар

жолдар

1

2

3

4

5

6

7

8

Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қарағанды орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

73,9093

61,0

-

-

-

12,9093

-

Барлығы:

73,9093

61,0

-

-

-

12,9093

-

      _____________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады