Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 146-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын мониторингтеу және бақылау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 479 қаулысымен бекітілген |
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын мониторингтеу және бақылау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын мониторингтеу және бақылау қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 146-бабының 5-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын мониторингтеу мен бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы және ішкі борышының жай-күйін мониторингтеу, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында (бұдан әрі − Тұжырымдама) көзделген шектеулердің сақталуын бақылау болып табылады.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) даму жоспары – мемлекеттік кәсіпорынның, акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бесжылдық кезеңге арналған негізгі қызмет бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
2) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарызы – қарыз беруші Қазақстан Республикасының бейрезиденті, ал қарыз алушы квазимемлекеттік сектор субъектісі болатын қарыз қатынастары;
3) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі қарызы – қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті, ал қарыз алушы квазимемлекеттік сектор субъектісі болатын қарыз қатынастары;
4) мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі − тізілім) − Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті жəне мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың автоматтандырылған бірыңғай ақпараттық жүйесі;
5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышы – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарызын қоспағанда, алынған (игерілген) және өтелмеген қарыздың белгілі бір күнгі сомасы;
6) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышы – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы қарызы және басқа да борыштық міндеттемелері бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының құрамдас бөлігі;
7) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі борышы – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі қарызы және басқа да борыштық міндеттемелері бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының құрамдас бөлігі;
8) іс-шаралар жоспары – ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның бесжылдық кезеңге арналған негізгі қызмет бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат.
2-тарау. Мониторингті жүзеге асыру тәртібі
4. Қарыз алушылардың сыртқы және ішкі борышының ағымдағы жай-күйінің мониторингі даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарлары шеңберінде жүзеге асырылады.
5. Ішкі және сыртқы қарыз қаражатының түсімдерін, борышты өтеу және оған қызмет көрсету бойынша төлемдерді тіркеуді және есепке алуды қарыз алушылар дербес жүзеге асырады.
6. Төлемдерді, борыш қалдығын есепке алу номиналды құны бойынша жүргізіледі. Борыштық бағалы қағаздарды есепке алу бастапқы орналастыру нәтижелері және номиналды құны бойынша жүзеге асырылады.
7. Қарыз алушылар мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға тоқсан сайынғы негізде есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес СБЕ-618 және ОЖЕ-618 нысандары бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі және сыртқы қарыздарының (облигацияларды қоса алғанда) игерілуі, өтелуі және оларға қызмет көрсету туралы ақпарат жібереді.
8. Қарыз алушылар мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға жартыжылдық негізде есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес КСЕ-618 нысаны бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыздары бойынша негізгі борышты алдағы бесжылдық кезеңге жоспарланатын игеру және өтеу бойынша ақпарат жібереді.
9. Қарыз алушылар:
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын (бұдан әрі − қор) қоспағанда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 23 бұйрығымен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларына 2-қосымшаның 10-нысанына;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларына 30-қосымшаға сәйкес тоқсан сайынғы негізде есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде электрондық түрде тізілімге алдағы бесжылдық кезеңге қарыз тарту жоспары көрсетілген қарыздар бойынша ақпарат жібереді.
10. Қор "Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 87 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32612 болып тіркелген) 1-нысанға сәйкес тоқсан сайынғы негізде есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күніне дейін алдағы бесжылдық кезеңге қарыз тарту жоспары көрсетілген қарыздар бойынша ақпаратты қордың интернет-ресурсында орналастырады.
11. Қарыз алушылар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тоқсан сайынғы негізде борыш бойынша ақпаратты қамтитын талдамалық жазбаны және жартыжылдық негізде ағымдағы жылға арналған сыртқы және ішкі қарыз алудың нақтыланған болжамын ұсынады.
Алдағы бесжылдық кезеңге қарыз тарту жоспарлары өзгерген жағдайда қарыз алушылар осы өзгерістерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келіседі.
12. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган тоқсан сайынғы негізде есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес СБЕ-618 мен ОЖЕ-618 есептілік нысандары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыздары бойынша жиынтық ақпарат жібереді.
13. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жартыжылдық негізде есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-і күніне дейінгі мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес КСЕ-618 нысаны бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыздары бойынша негізгі борышты алдағы бесжылдық кезеңге жоспарланатын игеру және өтеу бойынша ақпарат жібереді.
14. Қарыздар бойынша жиынтық ақпаратта:
1) қарыз алушылар борышының есепті кезеңнен кейінгі айдың бірінші күніндегі жай-күйі туралы деректер;
2) шығарылған борыштық бағалы қағаздардың, сондай-ақ бюджеттік кредиттердің және өзге де борыштық міндеттемелердің жай-күйі туралы деректер (орналастыру күні, сыйақы мөлшерлемесі, өтеу күні, айналыс мерзімі, шығару және қызмет көрсету валютасы);
3) мерзімі өткен төлемдердің болуы және оларды төлеу туралы деректерді қоса алғанда, есепті кезеңде қарыздың іс жүзінде түсуі, қарызды өтеу және оған қызмет көрсету бойынша жүргізілген төлемдер туралы деректер;
4) есепті кезеңде қарыз тарту туралы ақпарат;
5) алдағы бесжылдық кезеңге қарыз тарту жоспары қамтылады.
3-тарау. Бақылауды жүзеге асыру тәртібі
15. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тоқсан сайынғы негізде мемлекеттік борыштың жай-күйі туралы мәліметтерді ескере отырып, Тұжырымдамада көзделген мынадай борыштық шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік борыш пен квазимемлекеттік сектор борышының жоғарғы шегі жиынтығында жалпы ішкі өнімге шаққанда 53,2 пайыздан аспайды, оның ішінде квазимемлекеттік сектор борышының жоғарғы шегі жалпы ішкі өнімге шаққанда 21,2 пайыздан аспайды (мемлекет бақылайтын ұйымдардың өзара міндеттемелері және бақыланатын бейрезидент ұйымдардың міндеттемелері борыштың жоғарғы шегінің есебіне енгізілмейді);
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі сыртқы борышының (мемлекет кепілдік берген сыртқы борышты ескере отырып) және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыртқы борышының көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық активтері сомасының 75 пайызына тең мөлшерден аспайды.
16. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын есептеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтер;
қарыз алушылар борышының ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтер;
әлеуметтік-экономикалық даму болжамының макроэкономикалық көрсеткіштері (жалпы ішкі өнім, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық активтері, инфляция деңгейі, кірістердің өсу қарқыны) негізінде қалыптастырады.
17. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жартыжылдық негізде есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 28-і күніне дейін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға қарыз алушылар борышының жай-күйі және борыштық шектеулердің сақталуы туралы ақпарат жібереді.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын мониторингтеу және бақылау қағидаларына 1-қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан |
Әкімшілік деректер нысанының атауы: квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоспағанда) ішкі және сыртқы қарызының (облигацияларды қоса алғанда) игерілуі, өтелуі және оларға қызмет көрсету жөніндегі есеп.
Әкімшілік деректер нысаны https://www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық жазылуы): СБЕ-618.
Кезеңділік: тоқсандық.
Есепті кезең: 20 ___ жылғы ___ тоқсан.
Деректер өтеусіз негізде ұсынылатын тұлғалар тобы және мерзімі:
1) квазимемлекеттік сектор субъектілері (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне дейін;
2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күніне дейін.
ЖСН/БСН |
|
(деректерді жеке тұлғалар ұсынған, сондай-ақ агрегатталған түрде ұсынылған жағдайда толтырылмайды)
Жинау әдісі: электрондық түрде.
Жол коды | Қарыз алушының атауы | Кредитордың атауы | Жобаның атауы немесе қарыз алу мақсаты | Қарыз сомасы | ||
А | Б | В | Г | 1 | ||
1.1-ші қарыз алушы | ||||||
1.1. ішкі | ||||||
1.1.1. | 1-жоба | |||||
1.1.2. | … | |||||
барлығы, мың теңге | ||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | ||||||
1.2. сыртқы | ||||||
1.2.1. | 1-жоба | |||||
1.2.2. | … | |||||
барлығы, мың теңге | ||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | ||||||
2.2-ші қарыз алушы | ||||||
2.1. | ішкі | |||||
2.1.1. | 1-жоба | |||||
2.1.2. | … | |||||
барлығы, мың теңге | ||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | ||||||
Жиыны, мың теңге | ||||||
Жиыны, мың АҚШ доллары |
Кестенің жалғасы
Қарыздың күші жойылған (қайтарылған) сомасы | Қарыз валютасы | Есепті кезеңнің басындағы борыш | Қарыз қаражаты игерілді (түсуі) | Негізгі борыш өтелді | ||
барлығы, есепті кезеңді қоса алғанда | есепті кезеңде | барлығы, есепті кезеңді қоса алғанда | есепті кезеңде | |||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Кестенің жалғасы
Есепті кезеңнің соңындағы борыш | Төленген пайыз | Мыналар бойынша алдыңғы есепті түзету | Қосымша ақпарат | |||
барлығы, есепті кезеңді қоса алғанда | есепті кезеңде | игеру | өтеу | қызмет көрсету | ||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Ескертпе: "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоспағанда) ішкі және сыртқы қарызының (облигацияларды қоса алғанда) игерілуі, өтелуі және оларға қызмет көрсету жөніндегі есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме қосымшада көрсетілген.
Аббревиатураның толық жазылуы:
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ЖСН –- жеке сәйкестендіру нөмірі
Атауы ____________________________ | Мекенжайы_________________ |
Телефоны_________________________ | |
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________ | |
Орындаушы __________________________________ |
___________________________ |
|
___________________________ |
|
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоспағанда) ішкі және сыртқы қарызының (облигацияларды қоса алғанда) игерілуі, өтелуі және оларға қызмет көрсету жөніндегі есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Әдіснамалық түсіндірме
1. Есепті тоқсанына бір рет:
1) квазимемлекеттік сектор субъектілері (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоспағанда) компанияның барлық деңгейлерінің құрылымына кіретін ұйымдар бойынша бөліп, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне дейін;
2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күніне дейін жасайды.
2. Есеп:
1) бөлімнің символы мен атауы көрсетіліп, әр бөлім бойынша жеке-жеке толтырылады;
2) А бағанында квазимемлекеттік сектор субъектілері нарықтық құрылымы бойынша ірі және еншілес компаниялар деп бөлініп, реттік нөмірі көрсетіледі;
3) Б бағанында квазимемлекеттік сектор субъектілері нарықтық құрылымы бойынша ірі және еншілес компаниялар деп бөлініп, қарыз алушының атауы көрсетіледі;
4) В бағанында жобаның атауы және/немесе қарыз алу мақсаты көрсетіледі;
5) Г бағанында кредитордың немесе облигация ұстаушының атауы көрсетіледі;
6) 1-бағанда қол қойылған қарыз сомасы көрсетіледі;
7) 2-бағанда қарыздың күші жойылған (қайтарылған) сомасы көрсетіледі;
8) 3-бағанда қарыз тартылған валютаның атауы көрсетіледі;
9) 4-бағанда қарыз алушының кредитор алдындағы есепті кезеңнің басындағы негізгі борышының қалдығы көрсетіледі (12 және 13-бағандарда көзделген түзету жағдайларын қоспағанда, борыш сомасы өткен есепті кезеңдегі 9-бағанмен сәйкес келеді);
10) 5 және 6-бағандарда қарыздың бүкіл қолданылу кезеңіндегі және есепті кезеңде қарыздың (облигацияларды орналастыруды қоса алғанда) игерілген (түскен) жалпы сомасы көрсетіледі.
Қарыз шартының талаптарында көзделген пайыздық төлемдер қарыз алушының негізгі борышына капиталданған жағдайда деректер 5 және 6-бағандарда да ескеріледі, ал қосымша (нақтылайтын) ақпарат 15-бағанда көрсетіледі.
Бұрын игерілген қарыз қаражаты есепті кезеңде кредиторға қайтарылған жағдайда деректер минус (-) белгісімен ескеріледі, ал қосымша (нақтылайтын) ақпарат 15-бағанда көрсетіледі;
11) 7 және 8-бағандарда қарыздың бүкіл қолданылу кезеңіндегі және есепті кезеңдегі негізгі борышты өтеу (облигацияларды кері сатып алу) бойынша төлемдердің жалпы сомасы көрсетіледі;
12) 9-бағанда қарыз алушының кредитор алдындағы есепті кезеңнің аяғындағы негізгі борышының қалдығы көрсетіледі және 9-баған = 4-баған + 6-баған - 8-баған + 12-баған - 13-баған формуласымен есептеледі (берешек сомасы келесі есепті кезеңде 4-бағанға ауыстырылады);
13) 14 және 15-бағандарда қарыздың бүкіл қолданылу кезеңіндегі және есепті кезеңдегі пайыздар бойынша төлемдердің жалпы сомасы (біржолғы комиссия, резервке қойғаны үшін комиссия, сыйақы, айыппұлдар, өсімпұлдар және сол сияқты) көрсетіледі;
14) 12, 13 және 14-бағандарда, егер бұл деректер алдыңғы есепте көрсетілмеген болса, борышты игеру, өтеу және оған қызмет көрсету бойынша түзетілген сомалар көрсетіледі (мұндай ақпарат әрбір осындай жағдай бойынша ғана көрсетіледі);
15) 15-бағанда 12, 13 және 14-бағандарда көрсетілген деректерді түзету себептері бойынша ашылған ақпарат немесе басқа да маңызды нақтылайтын ақпарат (қарызды ұзарту, негізгі борышты ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу, қарызды өтеу және оған қызмет көрсету бойынша уақтылы төлемеу, қарыз алушының төлем қабілетсіздігі) көрсетіледі.
"Барлығы" және "Жиыны" деген жолдарды қоспағанда, барлық цифрлық бағандар қарыз валютасында және мың бірлікпен толтырылады.
"Барлығы" және "Жиыны" деген жолдар мың теңгемен және Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) мың долларымен есептеледі және толтырылады. Көрсеткіштерді АҚШ долларына келтіру есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша жүргізіледі.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын мониторингтеу және бақылау қағидаларына 2-қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан |
Әкімшілік деректер нысанының атауы: орталық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі және сыртқы қарыздарының (облигацияларды қоса алғанда) игерілуі, өтелуі және оларға қызмет көрсету жөніндегі есеп.
Әкімшілік деректер нысаны https://www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық жазылуы): ОЖЕ-618.
Кезеңділік: тоқсандық.
Есепті кезең: 20 ___ жылғы ___ тоқсан.
Деректер өтеусіз негізде ұсынылатын тұлғалар тобы және мерзімі:
1) квазимемлекеттік сектор субъектілері (орталық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне дейін;
2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күніне дейін.
ЖСН/БСН |
(деректерді жеке тұлғалар ұсынған, сондай-ақ агрегатталған түрде ұсынылған жағдайда толтырылмайды)
Жинау әдісі: электрондық түрде.
№ | Орталық мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы/қарыз алушы (ведомстволық бағынысты ұйым) | Жобаның атауы немесе қарыз алу мақсаты | Кредитор | Қарыз сомасы | Қарыздың күші жойылған (қайтарылған) сомасы | ||
А | Б | В | Г | 1 | 2 | ||
1. | ОМО/ЖАО атауы | ||||||
1.1. | Ішкі нарықтағы қарыз | ||||||
1.1.1. | ведомстволық бағынысты ұйым | ||||||
1.1.2. | … | ||||||
Ішкі қарыз бойынша жиыны, мың теңге: | |||||||
Ішкі қарыз бойынша жиыны, мың АҚШ доллары: | |||||||
1.2. | Сыртқы нарықтағы қарыз | ||||||
1.2.1. | ведомстволық бағынысты ұйым | ||||||
1.2.2. | … | ||||||
Сыртқы қарыз бойынша жиыны, мың теңге: | |||||||
Сыртқы қарыз бойынша жиыны, мың АҚШ доллары: | |||||||
БАРЛЫҒЫ, мың теңге: | |||||||
БАРЛЫҒЫ, мың АҚШ доллары: |
Кестенің жалғасы
Қарыз валютасы |
Шартқа қол қойылған/бағалы қағаздар шығарылған күн |
Өтеу мерзімі | Біржолғы комиссия, резервке қойғаны үшін комиссия, сыйақы мөлшерлемесі | Негізгі борыштың есепті кезеңнің басындағы қалдығы | |
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
Кестенің жалғасы
Игеру сомасы | Негізгі борышты өтеу сомасы | Негізгі борыштың есепті кезеңнің соңындағы қалдығы, мың бірлік (7-баған + 9-баған - 12-баған + 17-баған - 18-баған) | ||||
есепті кезеңнің басындағы | есепті кезеңде |
есепті кезеңнің соңындағы | есепті кезеңнің басындағы | есепті кезеңде | есепті кезеңнің соңындағы (11-баған + 12-баған) | |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Кестенің жалғасы
мың бірлікпен
Төленген пайыздық төлемдер (біржолғы комиссия, резервке қойғаны үшін комиссия, сыйақы, өсімпұл) | Мыналар бойынша алдыңғы есепті түзету (өткен кезеңде ескерілмеген айырма) | Қосымша ақпарат * | |||
есепті кезеңнің басындағы | есепті кезеңде | қарыз қаражатын игеру | негізгі борышты өтеу | пайыздарды төлеу | |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
Ескертпе: "Орталық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі және сыртқы қарыздарының (облигацияларды қоса алғанда) игерілуі, өтелуі және оларға қызмет көрсету жөніндегі есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме қосымшада көрсетілген.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
КК.АА.ЖЖЖЖ – күні, айы, жылы
ОМО – орталық мемлекеттік орган.
Атауы __________________________ | Мекенжайы__________________ |
Телефоны_______________________ | |
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________ | |
Орындаушы ___________________ |
___________________________ |
|
_____________________________ |
Мөр орны |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Орталық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі және сыртқы қарыздарының (облигацияларды қоса алғанда) игерілуі, өтелуі және оларға қызмет көрсету жөніндегі есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Әдіснамалық түсіндірмелер:
1. Есепті тоқсанына бір рет:
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күніне дейін;
2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күніне дейін жасайды.
2. Есеп:
1) бөлімнің символы мен атауы көрсетіліп, әрбір бөлім бойынша жеке-жеке толтырылады;
2) А бағанында орталық мемлекеттік органдарға/жергілікті атқарушы органдарға, қарыз алудың нарықтық құрылымы бойынша, ведомстволық бағынысты компаниялар деп бөлініп, реттік нөмірі көрсетіледі;
3) Б бағанында орталық мемлекеттік органдарға/жергілікті атқарушы органдарға, нарықтық құрылымы бойынша, ведомстволық бағынысты ұйымдар бойынша бөліп, қарыз алушының атауы көрсетіледі;
4) В бағанында жобаның атауы және/немесе қарыз алу мақсаты көрсетіледі;
5) Г бағанында кредитордың немесе облигациялар ұстаушының атауы көрсетіледі;
6) 1-бағанда қарыздың жалпы сомасы көрсетіледі;
7) 2-бағанда қарыздың күші жойылған (қайтарылған) сомасы көрсетіледі;
8) 3-бағанда қарыз тартылған валютаның атауы көрсетіледі;
9) 4-бағанда кредиттік келісімге қол қойылған күн немесе бағалы қағаздар шығарылған күн көрсетіледі;
10) 5-бағанда негізгі борышты өтеу кезеңі (төлемнің бірінші және соңғы күні) көрсетіледі (негізгі борышты өтеу кестесі өзгерген (қысқарту, ұзарту немесе ауыстыру) жағдайда негізгі борышты өтеу кезеңі қосымша көрсетіледі);
11) 6-бағанда қарыз тартылған барлық пайыздық мөлшерлемелер (біржолғы комиссия, резервке қойғаны үшін комиссия, сыйақы мөлшерлемесі) көрсетіледі;
12) 7-бағанда қарыз алушының кредитор алдындағы есепті кезеңнің басындағы негізгі борышының қалдығы көрсетіледі (17 және 18-бағандарда көзделген түзету жағдайларын қоспағанда, борыш сомасы өткен есепті кезеңдегі 14-бағанға сәйкес келуге тиіс);
13) 8 және 9-бағандарда есепті кезеңнің басындағы және есепті кезеңдегі қарыздың игерілген (түскен) сомасы көрсетіледі.
Пайыздық төлемдер қарыз шартының талаптарында көзделген қарыз алушының негiзгi борышына капиталданған жағдайда деректер 9-бағанда да ескерiледi, ал нақтылайтын ақпарат 20-бағанда көрсетiледi.
Бұған дейін игерілген қарыз қаражаты есепті кезеңде кредиторға қайтарылған жағдайда деректер 9-бағанда (-) минус белгісімен ескеріледі және нақтылайтын ақпарат 20-бағанда көрсетіледі;
14) 10-бағанда есепті кезеңнің соңындағы қарыздың игерілген (түскен) сомасы көрсетіледі және 10-баған = 8-баған + 9-баған формуласымен есептеледі.
15) 11, 12-бағандарда есепті кезеңнің басындағы және есепті кезеңде негізгі борышты өтеу (облигацияларды кері сатып алу) бойынша төлемдер сомасы көрсетіледі;
16) 13-бағанда есепті кезеңнің соңындағы негізгі борышты өтеу (облигацияларды кері сатып алу) бойынша төлемдер сомасы көрсетіледі және 13-баған = 11-баған + 12-баған формуласымен есептеледі.
14-бағанда қарыз алушының кредитор алдындағы есепті кезеңнің соңындағы негізгі борышының қалдығы көрсетіледі және 14-баған = 7-баған + 9-баған - 13-баған + 17-баған - 18-баған формуласымен есептеледі.
15 және 16-бағандарда есепті кезеңнің басындағы және есепті кезеңдегі борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің (пайыздарды төлеудің) жалпы сомалары көрсетіледі.
17, 18 және 19-бағандарда, егер бұл деректер алдыңғы есептерде көрсетілмеген болса, игеру, өтеу және борышқа қызмет көрсету бойынша түзетілген сомалар көрсетіледі. Мұндай ақпарат әрбір осындай жағдай бойынша ғана көрсетіледі.
20-бағанда 17, 18 және 19-бағандарда көрсетілген деректерді түзету себептері бойынша ашылған ақпарат немесе басқа да маңызды нақтылайтын ақпарат (қарызды ұзарту, негізгі борышты ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу, қарызды өтеу және оған қызмет көрсету бойынша уақтылы төлемеу, қарыз алушының төлем қабілетсіздігі және т.с.с.) көрсетіледі.
"Барлығы" және "Жиыны" деген жолдарды қоспағанда, барлық цифрлық бағандар қарыз валютасында және мың бірлікпен толтырылады.
"Барлығы" және "Жиыны" деген жолдар мың теңгемен және Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) мың долларымен есептеледі және толтырылады. Көрсеткіштерді АҚШ долларына келтіру есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша жүргізіледі.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын мониторингтеу және бақылау қағидаларына 3-қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан |
Әкімшілік деректер нысанының атауы: квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыздары бойынша негізгі борыштың алдағы бесжылдық кезеңге жоспарланып отырған игерілуі және өтелуі жөніндегі есеп.
Әкімшілік деректер нысаны https://www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық жазылуы): КСЕ-618.
Кезеңділік: жартыжылдық.
Есепті кезең: 20 ___ жылдың ___ жартыжылдығы үшін.
Деректер өтеусіз негізде ұсынатын тұлғалар тобы және мерзімі:
1) квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күніне дейін;
2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-і күніне дейін.
ЖСН/БСН |
|
(деректерді жеке тұлғалар ұсынған, сондай-ақ агрегатталған түрде ұсынылған жағдайда толтырылмайды)
Жинау әдісі: электрондық түрде.
№ |
Қарыз алушының | Жобаның атауы немесе қарыз алу мақсаты | Есепті кезеңнің соңындағы борыш | Ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарлы игеру | Ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарлы өтеу | ||
А | Б | В | 1 | 2 | 3 | ||
1 | 1-ші қарыз алушы | ||||||
1.1. | 1.1. ішкі | ||||||
1.1.1 | |||||||
1.1.2 | |||||||
барлығы, мың теңге | |||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | |||||||
1.2. | 1.2. сыртқы | ||||||
барлығы, мың теңге | |||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | |||||||
2 | 2-ші қарыз алушы | ||||||
2 | 2.1 | 2.1. ішкі | |||||
барлығы, мың теңге | |||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | |||||||
2.2. | 2.2. сыртқы | ||||||
барлығы, мың теңге | |||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | |||||||
3 | басқа квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарызы | ||||||
3.1. | 3.1. ішкі | ||||||
1-жоба | |||||||
барлығы, мың теңге | |||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | |||||||
3.2. | 3.2. сыртқы | ||||||
1-жоба | |||||||
барлығы, мың теңге | |||||||
барлығы, мың АҚШ доллары | |||||||
Жиыны, мың теңге | |||||||
Жиыны, мың АҚШ доллары |
Кестенің жалғасы
Ағымдағы жылдың соңындағы борыш | 1-ші жоспарланатын жыл | ||
қарыздарды, оның ішінде жоспарланатындарын игеру | негізгі борышты өтеу | жоспарланатын жылдың соңындағы борыш | |
4 | 5 | 6 | 7 |
Кестенің жалғасы
2-ші жоспарланатын жыл | 3-ші жоспарланатын жыл | ||||
қарыздарды, оның ішінде жоспарланатындарын игеру | негізгі борышты өтеу | жоспарланатын жылдың соңындағы борыш | қарыздарды, оның ішінде жоспарланатындарын игеру | негізгі борышты өтеу | жоспарланатын жылдың соңындағы борыш |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Кестенің жалғасы
4-ші жоспарланатын жыл | 5-ші жоспарланатын жыл | ||||
қарыздарды, оның ішінде жоспарланатындарын игеру | негізгі борышты өтеу | жоспарланатын жылдың соңындағы борыш | қарыздарды, оның ішінде жоспарланатындарын игеру | негізгі борышты өтеу | жоспарланатын жылдың соңындағы борыш |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Ескертпе: "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыздары бойынша негізгі борыштың алдағы бесжылдық кезеңге жоспарланып отырған игерілуі және өтелуі жөніндегі есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме қосымшада көрсетілген.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
КК.АА.ЖЖЖЖ – күні, айы, жылы
Атауы________________________________ | Мекенжайы__________________ |
Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________ | |
Орындаушы ___________________________ |
_________________________ |
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам_______________________________ |
_________________________ |
Мөр орны |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыздары бойынша негізгі борыштың алдағы бесжылдық кезеңге жоспарланып отырған игерілуі және өтелуі жөніндегі есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Әдіснамалық түсіндірмелер
1. Есепті жарты жылда бір рет:
1) квазимемлекеттік сектор субъектілері есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күніне дейін;
2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-і күніне дейін жасайды.
2. Есеп: бөлімнің символы мен атауы көрсетіліп, әрбір бөлім бойынша жеке-жеке толтырылады;
1) А бағанында квазимемлекеттік сектор субъектілерін нарықтық құрылымы бойынша ірі және еншілес компаниялар деп бөлініп, реттік нөмірі көрсетіледі;
2) Б бағанында квазимемлекеттік сектор субъектілерін нарықтық құрылымы бойынша ірі және еншілес компаниялар деп бөлініп, қарыз алушының атауы көрсетіледі;
3) В бағанында жобаның атауы және/немесе қарыз алу мақсаты көрсетіледі;
4) 1-бағанда қарыз алушының кредитор алдындағы есепті кезеңнің басындағы негізгі борышының қалдығы көрсетіледі;
5) 2 және 3-бағандарда бұдан бұрын тартылған немесе тарту жоспарланып отырған қарыздардың ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланатын игерілуі және өтелуі көрсетіледі (бірінші жартыжылдық үшін есеп жасаған кезде толтырылады).
6) 4-бағанда қарыз алушының кредитор алдындағы ағымдағы жылдың соңындағы негізгі борышының жоспарланатын қалдығы көрсетіледі және 4-баған = 1-баған + 2-баған - 3-баған формуласымен есептеледі (екінші жартыжылдық үшін есеп жасаған кезде 1-бағанда көрсетілген есепті кезеңнің соңындағы борыш бойынша іс жүзіндегі деректер 4-бағанға ауыстырылады);
7) 5, 6 және 7-бағандарда ағымдағы жылдан кейінгі бірінші жоспарланатын жылы жоспарланып отырған игеру, өтеу және борыш көрсетіледі (бұл ретте 7-баған 7-баған = 4-баған + 5-баған - 6-баған формуласымен толтырылады).
Қалған жылдар бойынша жоспарланып отырған игеру, өтеу және борыш осыған ұқсас толтырылады.
"Барлығы" және "Жиыны" деген жолдарда қоспағанда, барлық цифрлық бағандар қарыз валютасында және мың бірлікпен толтырылады.
"Барлығы" және "Жиыны" деген жолдар мың теңгемен және Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) мың долларымен есептеледі және толтырылады. Көрсеткіштерді АҚШ долларына келтіру есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 479 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысы.
2. "Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 924 қаулысы.
3. "Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1100 қаулысы.
4. "Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 шiлдедегi № 615 қаулысы.
5. "Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 1018 қаулысы.