ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік жоспарлау, салық, бюджет саясаты, оның ішінде бюджет жүйесін дамыту саласында, кеден саясаты, мемлекеттік қаржыны басқару және кірістерді болжау, экономикалық саясат, инвестицияларды тарту саясаты, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бюджетаралық қатынастар, жарнама, аэронавигация, әуежайлар және кабельдік кәрізді мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар, қоғамдық маңызы бар нарықтар, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту;";
мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) мақсаттар мен нысаналы индикаторлар, олардың декомпозициясы туралы жиынтық сандық мәліметтерді қамтитын мемлекеттік органдардың бекітілген даму жоспарлары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты қалыптастыру тәртібін айқындау;
12-2) мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу, олардың декомпозициясы туралы жиынтық сандық мәліметтерді қамтитын барлық орталық мемлекеттік органның даму жоспарларының іске асырылуы туралы шоғырландырылған есепті қалыптастыру тәртібін айқындау;";
14) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17-2) және 17-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"17-2) Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу;
17-3) Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамын әзірлеу тәртібін, мерзімдерін, құрылымы мен мазмұнын, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;";
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бөлімдерін, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібін, мерзімдерін және құрылымын айқындау;";
29-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 30-1) және 30-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"30-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша кесімді баға тәртібін айқындау;
30-2) Ұлттық әл-ауқат қорының борыштық бағалы қағаздарын сатып алу арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға сараптама жүргізу, сондай-ақ осындай жобаларды қаржыландырудың балама көздерінің бар-жоғын қарау қағидаларын әзірлеу;";
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"31) бюджет кірістерін болжау әдістемесін әзірлеу және бекіту;";
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"33) жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;";
33-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"33-1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін келісу;";
33-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"33-2) жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары жөніндегі қорытындының жобасын жасау және оны Республикалық бюджет комисcиясының қарауына енгізу;";
мынадай мазмұндағы 33-3) тармақшамен толықтырылсын:
"33-3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібін, тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдарының және жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу үшін қажетті нысандарды, көрсеткіштер тізбелерін ұсыну және келісу тәртібін және олардың пайдаланылуына мониторинг жүргізу тәртібін қамтитын жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау тәртібін айқындау;";
34-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 34-2) тармақшамен толықтырылсын:
"34-2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу мақсаттарының тізбесін әзірлеу;";
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"35) республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер берудің, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер берудің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, мемлекет кепілгерлігін берудің, квазимемлекеттік сектор субъектілері сыртқы борышының лимиттерін айқындау;";
35-1) тармақша алып тасталсын;
35-3) және 35-4) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 35-5) және 35-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"35-5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке дивидендтер немесе аударымдар төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы ақпаратты беру тәртібі мен нысанын айқындау және бекіту;
35-6) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есепті, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есепті қалыптастыру және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының, дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларының іске асырылуын бағалау тәртібін айқындау;";
мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:
"36-1) шығыстарға шолу жүргізу, мақсаттарды, тақырыптарды, объектілерді, өлшемшарттарды, көлемді (қамтуды), деңгейді, уақыт шектеулерін, кезеңділікті айқындау тәртібін айқындау;";
37) және 37-1) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 46-1), 46-2), 46-3) 46-4) және 46-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"46-1) қарыз алушының кредит қабілеттілігі өлшемшарттарын келісу;
46-2) қаржы агенттіктерін республикалық бюджеттен қамтамасыз етілмейтін бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу тәртібін келісу;
46-3) бюджеттік кредиттерді беру жөніндегі рәсімдерді, оның ішінде оларды беру кезіндегі қажетті құжаттардың тізбесін келісу;
46-4) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуын бақылау тәртібін келісу;
46-5) бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есепті қалыптастыру тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп айқындау;";
мынадай мазмұндағы 48-1), 48-2) және 48-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"48-1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерінің жай-күйін бағалау тәртібін айқындау;
48-2) мемлекеттік қарыздарды тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін келісу;
48-3) мемлекет кепілдік берген қарызды алған қарыз алушының қаржылық жағдайын мониторингтеу тәртібін келісу, мемлекет кепілдік берген қарыз қаражатының пайдаланылуын бақылау;";
49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"49) бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлауды әдіснамалық қамтамасыз ету;";
мынадай мазмұндағы 49-1) және 49-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"49-1) Қазақстанның ұзақ мерзімді даму болжамы және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы шеңберінде мемлекеттік қаржының жай-күйін болжауды жүзеге асыру;
49-2) мемлекеттік қаржының жай-күйін мониторингтеу және ол туралы мәліметтерді қалыптастыру тәртібін келісу;";
51) және 51-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"51) елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеу;
51-1) елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеу тәртібін және оған мониторинг жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 54-1) тармақшамен толықтырылсын:
"54-1) мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іріктеу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;";
54-2) және 54-3) тармақшалар алып тасталсын;
55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"55) қоса қаржыландыру шартындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қарау;";
56) және 57) тармақшалар алып тасталсын;
60) тармақша алып тасталсын;
61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"61) бюджеттік инвестициялық жобалардың және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау;";
мынадай мазмұндағы 61-1), 61-2) және 61-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"61-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаны тарта отырып, республикалық мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру;
61-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды қоспағанда, мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;
61-3) мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзетуге және оның экономикалық сараптамасына қойылатын талаптарды белгілеу;";
62) тармақша алып тасталсын;
63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"63) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын ұйымдастыру саласында салааралық үйлестіру мен әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру;";
64) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 66-1), 66-2), 66-3), 66-4), 66-5) және 66-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"66-1) инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық негіздемені және қаржылық-экономикалық негіздемені түзетуге байланысты мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;
66-2) ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жобалары бойынша техникалық тапсырманы түзетуге байланысты мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету тәртібін келісу;
66-3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бюджеттік даму бағдарламаларының паспорттарында және мемлекеттік инвестициялық жобалар құжаттамаларында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуіне мониторингті жүзеге асыру тәртібін айқындау;
66-4) есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп айқындау;
66-5) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын келісу;
66-6) мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы болжамды мәліметтердің есеп-қисаптарын жүргізу, үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдіктер берудің, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер берудің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, мемлекет кепілгерлігін берудің, квазимемлекеттік сектор субъектілері сыртқы борышының лимиттерін айқындау және сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілері тізбесінің өлшемшарттарын айқындау және оларды қалыптастыру әдістемелерін әзірлеу және бекіту;";
69) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"69) байланысты грантты тартуға арналған өтінімнің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, донорлардың байланысты гранттар беру саясатына сәйкестігі негізінде байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді іріктеуді жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 70-1), 70-2), 70-3) және 70-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"70-1) байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, мониторингтеу және пайдаланылуын бағалау тәртібін айқындау;
70-2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
70-3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау;
70-4) байланысты гранттарды бағалау нәтижелеріне негізделген оларды пайдалану туралы жиынтық есепті қалыптастыру;";
мынадай мазмұндағы 71-1) тармақшамен толықтырылсын:
"71-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау тәртібін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша операциялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақыны, қоса қаржыландыруды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтынуына кепілдік беруді, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын және қолжетімділік үшін төлемақыны келісу;";
мынадай мазмұндағы 73-1) тармақшамен толықтырылсын:
"73-1) объектілерді аса маңызды объектілерге және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға жатқызу тәртібін айқындау;";
75) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 80-3), 80-4), 80-5), 80-6) және 80-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"80-3) мемлекеттік органның инвестициялық жоспарын әзірлеу тәртібі мен нысандарын айқындау;
80-4) барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың мемлекеттік инвестициялық жобаларын, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған жобаларды қоспағанда, мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;
80-5) барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың бюджеттік инвестицияларын жоспарлау және іске асыру тәртібін келісу;
80-6) дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібін келісу;
80-7) жалпы ішкі өнім көлеміне салымның болжамды үлесін, бюджет түсімдерінің болжамды өсімін, салаға инвестициялардың болжамды өсімін және елдің әлеуметтік экономикалық дамуының басқа да параметрлерін айқындау жолымен мемлекеттік инвестициялық жобалар портфеліне енгізілген салалық мемлекеттік инвестициялық жобалардың экономиканың дамуына ықтимал әсерін талдауды жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 107-1) және 107-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"107-1) түсімдердің сомаларын көрсете отырып, парафискалдық төлемдердің тізілімін жүргізу және олардың сақталуы, таратылуы немесе бюджетке берілуі тұрғысынан оларды талдауды жүзеге асыру;
107-2) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін қалыптастыру;";
мынадай мазмұндағы 113-1) тармақшамен толықтырылсын:
"113-1) мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібін және парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін ұсыну мерзімдерін белгілеу;";
мынадай мазмұндағы 118-1) тармақшамен толықтырылсын:
"118-1) мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін жүргізу тәртібін, сондай-ақ оның құрылымын айқындау;";
мынадай мазмұндағы 154-2) тармақшамен толықтырылсын:
"154-2) ақпараттандыру объектілерін құруды және дамытуды көздейтін мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін келісу;";
158) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"158) мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын, техникалық-экономикалық негіздемесін, қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру және мемлекеттік инвестициялық жобаларды іріктеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;";
мынадай мазмұндағы 158-2) тармақшамен толықтырылсын:
"158-2) төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталатын бюджеттік кредиттерді қоспағанда, бюджеттік кредиттеудің орындылығы тәртібін айқындау;";
мынадай мазмұндағы 166-9) тармақшамен толықтырылсын:
"166-9) агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бірімен-бірінің өзара қатынас тәртібін, агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы туралы есептілікті жасау және ұсыну тәртібін және агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау;";
мынадай мазмұндағы 170-1), 170-2), 170-3), 170-4) және 170-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"170-1) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін қалыптастыру, жүргізу және жаңарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
170-2) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары стандартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
170-3) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін әзірлеу және бекіту;
170-4) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне талдау жүргізу және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
170-5) Бизнестің цифрлық картасын әзірлеу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 200-17) тармақшамен толықтырылсын:
"200-17) сыйақы түрлерін, оның мөлшерлемелерін айқындау және белгілеу тәртібін келісу;";
216) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"216) Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды, жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға, бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде үлгілік конкурстық құжаттама негізінде бекітілетін конкурстық құжаттаманы қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына сараптамалар жүргізу үшін, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде тарту;";
мынадай мазмұндағы 216-2), 216-3) және 216-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"216-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультативтік сүйемелдеуді, сондай-ақ "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 8) тармақшасына сәйкес сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асыру және аккредиттеу туралы куәліктен айыру туралы шешім қабылдау;
216-3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультативтік сүйемелдеуді, сондай-ақ "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 8) тармақшасына сәйкес сараптама жасауды жүзеге асыратын адамдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
216-4) мемлекет кепілгерлігін беру тәртібін, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі шартының нысанын келісу;";
217) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"217) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша, сондай-ақ республикалық және жергілікті ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде келісу;";
мынадай мазмұндағы 217-6) тармақшамен толықтырылсын:
"217-6) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) тәртібін айқындау;";
мынадай мазмұндағы 219-1) тармақшамен толықтырылсын:
"219-1) жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздер кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына салалық қорытындыны, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар дайындауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;";
220-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"220-1) салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындаудың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасудың тиісті саланың мемлекеттік органы әзірлеген тәртібін келісу;";
мынадай мазмұндағы 224-2) тармақшамен толықтырылсын:
"224-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
269) тармақша алып тасталсын;
274) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"274) зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;";
мынадай мазмұндағы 274-1) және 274-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"274-1) мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;
274-2) ведомстволық бюджет комиссиясын құру, оның жұмыс органын айқындау және ол туралы ережені, құзыреті мен құрамын бекіту;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және осы қаулының 1-тармағының жиырма төртінші және жиырма алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |