"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 731 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 353 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.05.2025 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi және 01.01.2025 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 28-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде:

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шетелдік, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар:";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) шетел валютасындағы және алтындағы депозиттер (салымдар);";

      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) құймадағы және металл шоттардағы алтын.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады