ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 57-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен жасалатын мәмілелердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 353 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен жасалатын мәмілелердің тізбесі
1. Шетелдік қаржы құралдары, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар:
1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар;
2) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберіндегі муниципалдық бағалы қағаздар;
3) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары;
4) корпоративтік бағалы қағаздар;
5) корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберінде айырбасталатын бағалы қағаздар;
6) жылжымайтын мүлік (Mortgage-backed security – MBS) және активтер (Asset-backed security – ABS) кепілге қойылған бағалы қағаздар;
7) акциялар;
8) туынды қаржы құралдары;
9) құрылымдық өнімдер;
10) валюталар;
11) ақша нарығы қорлары;
12) құймадағы және металл шоттардағы алтын;
13) биржалық инвестициялық қорлар (Exchange-traded fund – ETFs);
14) балама құралдар;
15) арнайы мақсаттағы компаниялар мен әріптестіктердің акциялары мен үлестері (Special purpose vehicle – SPV).
2. Шетелдік қаржы құралдары, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар бойынша мәмілелер:
1) репо және кері репо операциялары;
2) шетел валютасындағы және алтындағы депозиттер (салымдар);
3) кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (Securities lending).
3. Қазақстандық қаржы құралдары:
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды іске асыру үшін эмиссияланатын борыштық бағалы қағаздары.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2025 жылғы 21 мамырдағы № 353 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысы;
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1438 қаулысы;
3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 665 қаулысы;
4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 1572 қаулысы;
5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 сәуірдегі № 350 қаулысы;
6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 731 қаулысы;
7. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 403 қаулысы;
8. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1115 қаулысы;
9. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 845 қаулысы;
10. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 470 қаулысы.