"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 665 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 353 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.05.2025 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi және 01.01.2025 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 28-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі:

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстандық:

      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының облигациялары.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады