"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 845 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 353 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.05.2025 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi және 01.01.2025 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстандық қаржы құралдары:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылатын стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін шығарылатын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының борыштық бағалы қағаздары;

      2) халықаралық SPO (Secondary public offering) жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының үлесін басым түрде өткізу құқығымен республикалық бюджетті қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша нарықтық құнына дисконтпен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының акциялары.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады