Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 мамырдағы N 417 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 480 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2025 № 480 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      "Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс." деген сөздер "Халқының саны 400 000 адамнан аз аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400 000 адамнан астам аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс." деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады