Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2025 № 480 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс." деген сөздер "Халқының саны 400 000 адамнан аз аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400 000 адамнан астам аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс." деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |