Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді (тот баспайтын) болаттан жасалған дәнекерленген құбырларға, түтіктерге және қуыс профильдерге қатысты демпингке қарсы шара қолданылуын ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 4 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, антидемпингтік және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тіркелген № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді (тот баспайтын) болаттан жасалған дәнекерленген құбырларға, түтіктерге және қуыс профильдерге қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолдану туралы" 2021 жылғы 9 ақпандағы № 12 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылуы 2026 жылғы 12 қарашаны қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2026 жылғы 12 қарашаны қоса алғандағы мерзімде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 9 ақпандағы № 12 шешімімен белгіленген мөлшерлемелер бойынша демпингке қарсы баждың алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен алынуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін, 2026 жылғы 14 наурыздан кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады