Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін дәнекерленген құбырларға және коррозияға төзімді (тот баспайтын) болаттан жасалған түтікшелер мен қуыс пішімдерге қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 9 ақпандағы № 12 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 107-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, ЕАЭО СЭҚ ТН 7306 40 200 9, 7306 40 800 1, 7306 40 800 8 және 7306 61 100 9 кодтарымен сыныпталатын, қабырға қалыңдығы 0,4-тен қоса алғанда 6 мм-ге дейінгі, дөңгелек көлденең қимасы немесе көлденең қимасы периметрі 400 мм-ден аспайтын шаршы көлденең қимасы бар және қима жағының ең үлкен мөлшері қоса алғанда 120 мм-ге дейінгі тік бұрышты көлденең қимасы бар дәнекерленген құбырларға және коррозияға төзімді (тот баспайтын) болаттан жасалған түтікшелер мен қуыс пішімдерге қатысты қосымшаға сай мөлшерде демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолданылсын.

      2.  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын, сол сияқты тауар атауларын басшылыққа ала отырып, демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 9 ақпандағы
№ 12 шешіміне
ҚОСЫМША

Демпингке қарсы баж
СТАВКАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІ

Тауардың атауы

Өндіруші

Демпингке қарсы баж ставкаларының мөлшері (кедендік құннан пайызбен)

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 9 ақпандағы № 12 шешімінің 1-тармағында көрсетілген дәнекерленген құбырлар және коррозияға төзімді (тот баспайтын) болаттан жасалған түтікшелер мен қуыс пішімдер

Foshan Vinmay Stainless Steel Co., Ltd. (No. 6 Jingang Avenue, Baini Town, Sanshui District, Foshan City, Guangdong Province, China)

14,62

Guangdong Sumwin New Material Group Co., Ltd. (South Sanhe Rd., East Renhe Rd, Yanhe Town, Gaoming District, Foshan, China)

17,28


өзгелері

17,28 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады