Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі оларға қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлар тізбесіне жемістерді қайта өңдеудің жекелеген өнімдеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 44 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позиия алып тасталсын;

      б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позиция қосылсын;

      в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелерде:

      60С ескертпенің күші жоылды деп танылсын;

      мынадай мазмұндағы 102С – 104С ескертпелермен толықтырылсын:

      "102С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 44 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 30.06.2026 дейінгі аралықта қолданылады.

      103С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 44 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 30.06.2027 дейінгі аралықта қолданылады.

      104С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 44 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 30.06.2028 дейінгі аралықта қолданылады.".

      2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі оларға қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлар тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 2008 99 490 0 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

"2008 99 490 1

– – – – – –

банандар

2008 99 490 9

– – – – – –

өзгелері".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшелері:

Армения
Республикасынан
 
М. Григорян

Беларусь
Республикасынан
 
В. Караник

Қазақстан
Республикасынан
 
С. Жұманғарин

Қырғыз
Республикасынан
 
Д. Амангельдиев

Ресей
Федерациясынан
 
А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2025 жылғы 2 маусымдағы
№ 44 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қосымша өлшем бірлігі

2008 99 490 0

– – – – – өзгелері

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2025 жылғы 2 маусымдағы
№ 44 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қосымша өлшем бірлігі

2008 99 490

– – – – – өзгелері:


2008 99 490 1

– – – – – – банандар

2008 99 490 9

– – – – – – өзгелері

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2025 жылғы 2 маусымдағы
№ 44 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының ставкасы
(кедендік құннан пайызбен не еуромен не АҚШ долларымен)

2007 99 500 3

– – – – – – өрік езбесі

10102С)

2007 99 500 4

– – – – – – алмұрт езбесі

10103С)

2007 99 500 5

– – – – – – шабдалы езбесі

10103С)

2007 99 500 7

– – – – – – өзгелері

10104С)

2008 99 490 1

– – – – – – банандар

6104С)

2008 99 490 9

– – – – – – өзгелері

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады