2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позиия алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позиция қосылсын;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелерде:
60С ескертпенің күші жоылды деп танылсын;
мынадай мазмұндағы 102С – 104С ескертпелермен толықтырылсын:
"102С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 44 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 30.06.2026 дейінгі аралықта қолданылады.
103С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 44 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 30.06.2027 дейінгі аралықта қолданылады.
104С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 44 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 30.06.2028 дейінгі аралықта қолданылады.".
2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі оларға қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлар тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 2008 99 490 0 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:
"2008 99 490 1 | – – – – – – | банандар |
2008 99 490 9 | – – – – – – | өзгелері". |
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 44 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосымша өлшем бірлігі |
2008 99 490 0 | – – – – – өзгелері | – |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 44 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосымша өлшем бірлігі |
2008 99 490 | – – – – – өзгелері: | |
2008 99 490 1 | – – – – – – банандар | – |
2008 99 490 9 | – – – – – – өзгелері | – |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 44 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы |
Кедендік әкелу бажының ставкасы |
2007 99 500 3 | – – – – – – өрік езбесі | 10102С) |
2007 99 500 4 | – – – – – – алмұрт езбесі | 10103С) |
2007 99 500 5 | – – – – – – шабдалы езбесі | 10103С) |
2007 99 500 7 | – – – – – – өзгелері | 10104С) |
2008 99 490 1 | – – – – – – банандар | 6104С) |
2008 99 490 9 | – – – – – – өзгелері | 6 |