Өзге мақта иірімжібінен басып шығарылған төсек-орын жабдығына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 43 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы ЕАЭО СЭҚ ТН 6302 21 000 0 кодымен сыныпталатын өзге мақта иірімжібінен басып шығарылған төсек-орын жабдығына қатысты осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда кедендік құнның 12 пайызы, бірақ 1 кг үшін 0,44 еуродан кем емес мөлшерде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикаллық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 6302 21 000 0 коды бар позиция төртінші графада "105С)" ескертпе сілтемесімен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескерпелер мынадай мазмұндағы 105С ескертпесімен толықтырылсын:

      "105С) Кедендік құнның 12 % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы, бірақ 1 кг үшін 0,44 еуродан кем емес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 43 шешімі күшіне енген күннен бастап 31.12.2026 дейінгі мерзімді қоса алғанда қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшелері:

Армения
Республикасынан
 
М. Григорян

Беларусь
Республикасынан
 
В. Караник

Қазақстан
Республикасынан
 
С. Жұманғарин

Қырғыз
Республикасынан
 
Д. Амангельдиев

Ресей
Федерациясынан
 
А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады