2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы ЕАЭО СЭҚ ТН 6302 21 000 0 кодымен сыныпталатын өзге мақта иірімжібінен басып шығарылған төсек-орын жабдығына қатысты осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда кедендік құнның 12 пайызы, бірақ 1 кг үшін 0,44 еуродан кем емес мөлшерде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикаллық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 6302 21 000 0 коды бар позиция төртінші графада "105С)" ескертпе сілтемесімен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескерпелер мынадай мазмұндағы 105С ескертпесімен толықтырылсын:
"105С) Кедендік құнның 12 % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы, бірақ 1 кг үшін 0,44 еуродан кем емес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 43 шешімі күшіне енген күннен бастап 31.12.2026 дейінгі мерзімді қоса алғанда қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |