Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 98 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 21 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақтың "Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті туралы" 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 98 шешімінің 2-тармағындағы "2025 жылғы 1 шілдеден" деген сөздер "2026 жылғы 1 қаңтардан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген "Еуразиялық экономикалық одақтың "Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 047/2018) техникалық регламентіне шарап жасау өніміне, жүзімнен, жидектер мен жемістерге қарағанда өзгеше ашыту жолымен өндірілген алкоголь өніміне қойылатын талаптар бөлігінде, сондай-ақ сыра қайнату уыты мөлшерінің үлесін ұлғайту бөлігінде сыра қайнату өніміне қойылатын талаптарды арттыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы мәселені пысықтасын және нәтижелері туралы 2025 жылғы 1 шілдеге дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында хабардар етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
 
В. Григорян

Беларусь
Республикасынан
 
И. Петришенко

Қазақстан
Республикасынан
 
С. Жұманғарин

Қырғыз
Республикасынан
 
Д. Амангельдиев

Ресей
Федерациясынан
 
А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады