Бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 138 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. 2021 жылғы 14 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 80 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің әкелу кедендік баждарының мөлшерлемелері ЕАЭО СЭҚ ТН 7112 30 000 0, 7112 91 000 0, 7112 92 000 0 және 7112 99 000 0 кодтарымен сыныпталатын бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтарына қатысты осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. 2021 жылғы 14 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне келесі өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 7112 30 000 0, 7112 91 000 0, 7112 92 000 0 және 7112 99 000 0 кодтары бар позицияларында Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпеге "55С)" сілтемесі "111С)" сілтемесімен алмастырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелерде:

      55С ескертпе күшін жойды деп танылсын;

      келесі мазмұндағы 111С ескертпемен толықтырылсын:

      "111С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі әкелу кедендік бажының мөлшерлемесі 2025 жылғы 24 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 138 Шешімі күшіне енген күннен бастап 31.12.2028 қоса алғанда қолданылады..".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады