2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. 2021 жылғы 14 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 80 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің әкелу кедендік баждарының мөлшерлемелері ЕАЭО СЭҚ ТН 7112 30 000 0, 7112 91 000 0, 7112 92 000 0 және 7112 99 000 0 кодтарымен сыныпталатын бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтарына қатысты осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. 2021 жылғы 14 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне келесі өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 7112 30 000 0, 7112 91 000 0, 7112 92 000 0 және 7112 99 000 0 кодтары бар позицияларында Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпеге "55С)" сілтемесі "111С)" сілтемесімен алмастырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелерде:
55С ескертпе күшін жойды деп танылсын;
келесі мазмұндағы 111С ескертпемен толықтырылсын:
"111С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі әкелу кедендік бажының мөлшерлемесі 2025 жылғы 24 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 138 Шешімі күшіне енген күннен бастап 31.12.2028 қоса алғанда қолданылады..".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |