Объектілер сәйкестендіргіштерінің халықаралық ағашы шеңберінде тағайындалатын Еуразиялық экономикалық комиссия сегменті объектілері сәйкестендіргіштерінің тізілімі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 80 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4, 5 және 30-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Объектілер сәйкестендіргіштерінің халықаралық ағашы шеңберінде тағайындалатын Еуразиялық экономикалық комиссия сегменті объектілері сәйкестендіргіштерінің тізілімі жасалсын.

      2. Қоса беріліп отырған Объектілер сәйкестендіргіштерінің халықаралық ағашы шеңберінде тағайындалатын Еуразиялық экономикалық комиссия сегменті объектілері сәйкестендіргіштерінің тізілімін жүргізу тәртібі бекітілсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 9 қыркүйектегі
№80 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Объектілер сәйкестендіргіштерінің халықаралық ағашы шеңберінде тағайындалатын Еуразиялық экономикалық комиссия сегменті объектілері сәйкестендіргіштерінің тізілімін жүргізу ТӘРТІБІ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп қалыптастыру механизмі МСЭ-Т X.660 (07/2011) "Ақпараттық технологиялар – объектілердің сәйкестендіргіштерін тіркеу органдарының жұмысына арналған рәсімдер: объектілер сәйкестендіргіштерінің халықаралық ағашының жалпы рәсімдері мен жоғарғы доғалары" ұсынымдарымен және ИСО/МЭК 9834-1:2012 "Ақпараттық технологиялар. Объектілер сәйкестендіргішін тіркеу органдарының жұмыс рәсімдері. Халықаралық объектілер сәйкестендіргіші ағашының жалпы рәсімдері мен жоғарғы доғалары" (бұдан әрі тиісінше – МСЭ-Т X.660, ИСО/МЭК 9834-1) халықаралық стандартымен қалыптасу механизмі айқындалған объектілер сәйкестендіргішінің халықаралық ағашы шеңберінде тағайындалатын Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) сегменті объектілері сәйкестендіргіштерінің тізілімін жүргізу қағидаларын айқындайды.

      2. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "объект сәйкестендіргішінің күшін жою" – объект сәйкестендіргішін объект сәйкестендіргіштерінің тізілімінен алып тастау;

      "объектінің сәйкестендіргіші", "OID" – объект сәйкестендіргіші халықаралық ағашының түбірінен алынған цифрлық мәндердің реттелген дәйектілігі, ол объектімен байланысты және оны бір мәнді сәйкестендіреді;

      "объект сәйкестендіргіштерінің халықаралық ағашы" – түбірі МСЭ-Т X.660 және ИСО/МЭК 9834-1 сәйкес келетін объект сәйкестендіргіштерінің иерархиялық құрылымы;

      "объект" – деректерді белгілі бір түрде өңдеуге мүмкіндік беретін әдістерді қолдануды алдын ала болжайтын қасиеттері (атрибуттары) бар деректер мен бағдарламалық кодтың жиынтығы;

      "объектінің сәйкестендіргішін қайта тіркеу" – объект сәйкестендіргішінің өзін өзгертпей, объект сәйкестендіргіштерінің тізілімінде қамтылған тіркелген объект сәйкестендіргіші туралы мәліметтерді өзгерту;

      "объектінің сәйкестендіргішін тіркеу" – объектіге сәйкестендіргіш беру және оны объект сәйкестендіргіштерінің тізіліміне енгізу;

      "объект сәйкестендіргіштерінің тізілімі" – объектілер сәйкестендіргіштерінің халықаралық ағашы шеңберінде тағайындалатын Комиссия сегментінің объектілері сәйкестендіргіштерінің тізбесі;

      "Комиссии сегменті" – нысан идентификаторы Комиссиясының объектілері сәйкестендіргіштерін тіркеуіне арналған объектілер сәйкестендіргіштерінің халықаралық ағашы құрылымының бір бөлігі, тармағы OID 1.3.239 {iso(1) identified-organization(3) eec(239)}.

      3. Комиссия:

      а) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) мен Комиссия арасындағы өзара іс-қимылдың электрондық нысанын қолдануды қамтамасыз ету;

      б) ақпараттық жүйелердің және мүше мемлекеттер үшін ортақ ақпараттық ресурстардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      в) трансшекаралық сенім кеңістігі шеңберінде электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) және шифрлауды қолдану мақсатында объектілер сәйкестендіргіштерінің тізілімін жүргізеді.

      4. Комиссия сегментінің мынадай құрылымына сәйкес Комиссия объектілердің сәйкестендіргіштерін тіркеуді жүзеге асырады:

      а) 1.3.239.1 {iso(1) identified-organization(3) eec(239) transboundary-space-of-trust-eaeu(1)} – трансшекаралық сенім кеңістігі;

      б) 1.3.239.2 {iso(1) identified-organization(3) eec(239) information-systems(2)} – ақпараттық жүйелер.

      5. Объектілер сәйкестендіргіштерінің тізілімін жүргізуді Комиссияның ақпараттық технологиялар департаменті (бұдан әрі – тіркеуші) жүзеге асырады.

      6. Объектілер сәйкестендіргіштерінің тізілімін жүргізу мақсатында тіркеуші мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      а) объектілердің сәйкестендіргіштерін тіркеу (қайта тіркеу);

      б) объектілер сәйкестендіргіштерінің күшін жою;

      в) объектілер сәйкестендіргіштерінің тізілімінен мәліметтер беру.

II. Объектілердің сәйкестендіргіштерін тіркеу (қайта тіркеу) және олардың күшін жою

      7. Объектілердің сәйкестендіргіштерін тіркеуді (қайта тіркеуді) және олардың күшін жоюды тіркеуші Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің немесе мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (бұдан әрі-өтініш беруші) өтініштері (бұдан әрі – өтініш) негізінде қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырады.

      8. Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар, Одақ органдарының актілері, сондай-ақ Комиссия қызметін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Комиссия Алқасы төрағасының бұйрықтары (тапсырмалары, қарарлары) өтінішті жіберу үшін негіз болып табылады.

      9. Тіркеуші тиісті өтініш келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде объектінің сәйкестендіргішін тіркеуді (қайта тіркеуді) немесе оның күшін жоюды жүзеге асырады және ол туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      10. Тіркеуші келіп түскен өтінішті мынадай жағдайларда:

      а) өтініштің нысаны осы Тәртіпке келтірілген қосымшаға сәйкес келмесе;

      б) өтініш беруші дәйексіз мәліметтерді ұсынса және (немесе) мәліметтерді толық көлемде ұсынбаса;

      в) объектінің сәйкестендіргішін тіркеу (қайта тіркеу) немесе оның күшін жою осы Тәртіптің 4 және 8-тармақтарында көзделген тіркеушінің құзыретінен тыс болса;

      г) объектінің сәйкестендіргішін тіркеу туралы өтініште оған қатысты объектілер сәйкестендіргіштерінің тізілімінде объект сәйкестендіргіші тіркеліп қойған болса қабылдамайды.

      11. Өтініш қабылданбаған жағдайда тіркеуші өтініш берушіге осындай өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде дәлелді жауап жібереді.

      12. Объектілер сәйкестендіргіштерінің тізіліміне мынадай мәліметтер енгізіледі:

      а) объектінің сәйкестендіргіші;

      б) объектінің атауы;

      в) объектіні қолданылу саласы (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген саланың, Комиссияның ақпараттық жүйесінің, Комиссияның ақпараттық ресурсының, Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі кіші жүйесінің, сыныптауыштың, анықтамалықтың, жалпы ресурстың және (немесе) Одақ шеңберіндегі жалпы процестің атауы);

      г) объектінің сәйкестендіргішін тіркеу (қайта тіркеу) күні.

III. Объектілер сәйкестендіргіштерінің тізілімінен мәліметтер беру

      13. Объект сәйкестендіргіштерінің тізілімінде қамтылған ақпарат ашық болып табылады.

      14. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының жазбаша сұрау салулары бойынша объектілер сәйкестендіргіштерінің тізілімінен ақпарат беруді тіркеуші сұрау салу келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде осы тізілімнен үзінді көшірме түрінде жүзеге асырады.

  Объектілер
сәйкестендіргіштерінің
халықаралық ағашы шеңберінде
тағайындалатын Еуразиялық
экономикалық комиссия
сегменті объектілері
сәйкестендіргіштерінің тізілімін
жүргізу тәртібіне
ҚОСЫМША

Объектілер сәйкестендіргіштерінің халықаралық ағашы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия сегменті объектісінің сәйкестендіргішін тіркеу (қайта тіркеу, күшін жою) туралы ӨТІНІШТІҢ НЫСАНЫ

      объект сәйкестендіргіштерінің халықаралық ағашы шеңберінде Еуразиялық экономикалық
комиссия сегменті объектісінің сәйкестендіргішін
________________________________________________________________________
туралы (тіркеу, қайта тіркеу, күшін жою – қажеттісін көрсету)

ӨТІНІШ

      1. Өтініш беруші _____________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылымдық бөлімшесінің, Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының атауы)
2. Объект туралы ақпарат _____________________________________________________
____________________________________________________________________________
(объектінің атауы және қолданылу саласы (объект сәйкестендіргіші қайта тіркелген жағдайда
объектінің жаңа атауы және (немесе) қолданылу саласы қосымша көрсетіледі), объект
идентификаторы (объект сәйкестендіргіші қайта тіркелген немесе күші жойылған
жағдайларда көрсетіледі))
3. Негіздеме ___________________________________________________________
______________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)
"___" ____________20___ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады