Экспресс-жүк үшін тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 19 тамыздағы № 71 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімімен бекітілген Экспресс-жүк үшін тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 23-тармақтың төртінші абзацында "(Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін)" деген сөздер алып тасталсын;

      б) 28-тармақ үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Армения Республикасында және Қазақстан Республикасында кеден органына ЭЖТД берілетін мүше мемлекеттің валюта заңнамасына сәйкес валютаны бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын құжаттың (мәліметтердің) нөмірі мен күні қосымша көрсетіледі.";

      в) 31-тармақта:

      он екінші абзацта "және Беларусь Республикасында" деген сөздер ", Беларусь Республикасында және Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он төртінші абзацта "Қазақстан Республикасында" деген сөздер алып тасталсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады